Kyzylorda-news.kz. Бүгін онлайн форматында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Қазақстан халқы ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы М.Әзілхановтың төрағалығымен «Қазақстан халқы ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Кеңесінің бірлескен отырысы өтті. 

Жиынға Қызылорда облысы бойынша «Қазақстан халқы ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Б.Кудияров пен Қазақстан халқы ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығының қызметі бойынша «Қоғамдық келісім» мекемесінің жауапты қызметкері У.Жанбатыр қатысты.

Кездесу барысында өңірлердегі Қазақстан халқы ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығы жұмысының ағымдағы қызметіне қатысты мәселелер қаралды.

Бүгінде кәсібін дөңгелетемін деген  азаматтар  әртүрлі кедергілердің кесірінен бизнесін аша алмай, әбігерге түседі.  Бірінші міндет - сондай проблемалардың алдын алу. Кәсіпкерлермен басқосуда экономикалық дамудың басты тетігі - шағын және орта бизнесті қолдау қажет екендігі айтылды. Бұл бағытта жұмысты жандандыру, мүшелік жарна мұңы, ауылшаруашылығындағы субсидиялау мәселелері қозғалды. 

Айта кету керек, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығы кеңесінің кеңейтілген отырысы 12 желтоқсанда тағы өтетіндігі айтылды. Онда кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағыттары талқыланатын болады.  

WhatsApp Image 2022-11-30 at 10.14.17.jpeg

Тағы да оқыңыз: