Kyzylorda-news.kz. «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ұлттық бірліктің мемлекеттік саясатының сенімді тірегі, әрі тұрақтылықты нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді. Осы күнге дейін өңірлік ассамблея жұмысына оң баға берілді. Осы бағыттан таймай бірлесіп, иық тіресіп жұмыс жасаймыз деген сенімдемін.
Қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайту, этносаралық қатынастың негізі ретінде – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту қажет. Сессияда көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен жүзеге асыру, отбасы құндылығын дәріптеу біздің басты бағатымыз екені айқын. Сонымен қатар жастарды еңбекке баулу мәселесі де алға шығып отыр. Жастар жұмыссыз, бос болмауы қажет. Еңбек теріс іс-әрекеттердің алдын алатыны, жетістікке жетелейтіні сөзсіз. Сондай-ақ, арандатушылыққа жол бермей, осы бағытта тиянақты жұмыс жасауымыз керек. Қоғамдағы өзге де мәселелер бойынша маңызды міндеттерді бірігіп атқаруға атсалысайық.
Бақытжан КАМАЛОВ,
«Қоғамдық келісім» КММ директоры
