Kyzylorda-news.kz 2024 жылы канадалық HelloSafe аналитикалық және қаржылық платформасы Дүниежүзілік өркендеу индексін енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдау Дүниежүзілік банк пен БҰҰ деректеріне сүйене отырып, 6 негізгі көрсеткіш бойынша: жан басына шаққандағы ЖІӨ, жан басына шаққандағы ЖҰӨ, ұлттық жинақтау деңгейі, адам дамуының индексі, Джини коэффициенті (индикаторы) бойынша кешенді түрде жүргізілген.

Қазақстан әл-ауқатының орташа деңгейі бар елдердің рейтингіне еніп, Ресей, Беларусь, Қытай, Түркия, сондай-ақ Орталық Азия елдерін басып озды.

Рейтингке сәйкес, ең бай елдер Люксембург, Норвегия және Ирландия деп танылған. Люксембургтің өркендеу индексі 86,2-ні құрайды.

Рейтинг нәтижелері көрсеткендей, соңғы жылдары елімізде жүргізілген реформалар Қазақстанды әлемдік қауымдастық алдында көтеріп қана қоймай, өз жемісін берген. Мұны негізгі экономикалық көрсеткіштердің артуы да растайды.

Айта кетейік, рейтинг елдер арасындағы айырмашылықтарды түсінгісі келетін саяхатшылар, инвесторлар және зерттеушілер үшін пайдалы.

Фото:shutterstock.com

Тағы да оқыңыз: