Фото жеке қорынан

Kyzylorda-news.kz.   Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Палаталардың бірлескен отырысы өтті. Осыған байланысты қызылордалық депутат Мархабат Жайымбетов фейсбуктегі парақшасында мынадай жазба қалдырған.

"Бірлескен отырыста Мемлекет басшысының Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін Біріккен Ұлттар Ұйымы миссияларына қатысу үшін жіберу туралы ұсынысы қаралып, қолдау тапты.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы ұсынысы Ата заңымыздың 53-бабының 5-тармағында көзделген.


Қазіргі таңда әлемдік геосаяси ахуалдың күрделі болып отырғанын бәріміз білеміз. Біздің мемлекетеіміз әлемнен оқшау өмір сүрмейтінін түсіну қажетпіз. 


Қазақтан халықаралық интеграцияға ұмтылған сындарлы ортада өркениеттің өжет ұлындай өз орнымызды алдық. 
Осыған орай, мойнымызда бірқатар міндеттері де бар. 


Солардың бірі – Қарулы Күштердің бітімгершілік контингентін Біріккен Ұлттар Ұйымының миссияларына жіберіп отыру. 
Әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігін дамыту, сарбаздарымызды халықаралық деңгейде тәжірибе алмастыру, жауынгерлік рухын нығайту еліміз үшін сын сағат, сәттерде әрекет етіп шыңдалу қашанда маңызды.


Ойымның қорытынды сөзін қаз дауысты Қазыбек бидің  он төрт жасында айтқан сөзімен тәмамдайын: «Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзасына қылын таққан елміз. Достығымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Ал, жалпы бейбітшілікке, келісім мен тату-тәтті өмір сүруге ұмтылу - қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екені сөзсіз", - деп жазды ол.

Тағы да оқыңыз: