maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz.  Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Біздің елімізді мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастықта, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

 Қазақстанда туып, сол жердің суын ішіп, ауасымен дем алған бірден-бір адам, мейлі орыс болсын, неміс, украин, кәріс болсын сол елдің мемлекеттік тілін, салт – дәстүрін, тарихын біліп, соны қадірлеп, сыйлауы керек. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Атаулы мерекеге орай өңіріміздегі өзге ұлт өкілдерімен тілдесіп, ой-пікірін білмек болған едік. 

Төретам кентінің тұрғыны, украин ұлтының өкілі Оксана Бутвина қарапайым, өз ісіне тындырымды жан. Оксана Леонидқызы 1975 жылы Ресей Федерациясы, Архангелск облысы, Шенгурск қаласында дүниеге келген.  Әкесі украин, анасы еврей. Ол Шенгурск қаласынан орта мектепті бітіріп, Кострома қаласының арнаулы білім беру мекемесінде Бірінші маманы болып білім алады. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударады. Байқоңыр өңіріне келіп қоныстанған Оксана тағдыр қосып, Төретам кентінің тумасы Қуаныш Уатайұлымен шаңырақ көтереді. Қазақ отбасына келін болған украин қызы Оксана бүгінде екі баланың анасы атанып отырған жайы бар. Өмірлік жары Қуаныш Төретам кенті әкімі аппаратында жүргізуші болып жұмыс жасайды. Үлкен ұлы Құдайберді – машинист мамандығын бітірген, ал кіші ұлы Сұлтан -№85 мектепте 6-сыныпта оқиды. Оксана қазіргі таңда қоғамдық жұмыс арқылы, Төретам кентінің клуб үйінде техникалық қызметші болып жұмыс жасап жүр. 

– Мен қазақ ұлтына келін болғаныма ризамын. Себебі, қазақтың азаматымен отау құрып, алтын асықтай екі баламды өсіріп отырмын. Отбасында қазақтың салт дәстүрін сақтай отырып, біреуден кейін, біреуден ілгері өмір сүріп келеміз. Қазақ халқына деген алғысым шексіз,-дейді Оксана.

Тағы да оқыңыз: