Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданында тыл ардагері, Құрметті теміржолшы Нұрғали Қауғанбайұлын еске алуға арналған қазақ күресінен облыстық деңгейде турнир ұйымдастырылды.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов пен Құрмет орденінің иегері, «Шиелісушар» өндірістік учаскесінің басшысы Дихан Әубәкіров сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Тыл ардагерін еске алу мақсатында ұйымдастырылған бұл турнирдің сәтті өтуіне тілектеспін. Қатысушыларға сәттілік серік болғай. Әрдайым жеңісті күндеріміз көп болғай. Қазақ жастары қашан да жеңіс тұғырынан көрінсін деген ниеттеміз. Алдағы уақытта мәдени, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Барлық атқарылатын жұмыстар жоспар бойынша жүзеге асырылуда, – деді Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов.

Додалы бәсекеге Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарынан келген 2012–2013 жылы туған 100-ден астам жас балуан қатысып, 9 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады.

Бүгінгі турнир – ұлттық спортты дамыту мен жас балуандарды ынталандырудың, сондай-ақ, еңбек ардагерлерін құрметтеп, олардың есімін мәңгі есте қалдырудың жарқын үлгісі.

Шиелі облыстық турнир 2.jpg

Тағы да оқыңыз: