Kyzylorda-news.kz. Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ақбота Керімбекова ұстаздарын әнмен құттықтады.
«Жылдағы «Мұғалімдер күні» мерекесі қарсаңында Аманжол Шамкенов өлеңін жазған Әбілахат Еспаевтың «Ұстазым менің, Ұстазым» атты әнін орындап тұрған осы жастық шағымның бейнесі желіні шарлап кететінін байқаймын. Ақ бантик, ақ фартук таққан Ақботаның шәкірт бейнесі бәріне ұнайтын болса керек. Биыл осы әнді барша Ұстаздардың құрметіне, ардагерлердің құрметіне, музыка мектебіндегі алғашқы ұстазым Жамал Жүнісованың, сынып жетекшіміз болған Сұлтан Сүлеевтің, өнер академиясындағы ұстаздарым Рахилям Машурованың, ҚР Халық әртісі Кәукен Кенжетаевтың, өнердегі рухани ұстаздарым Роза Рымбаеваның, Мақпал Жүнісованың, Төлеген Мұхамеджановтың, Нұрлан Өнербаевтың, Шымкент университетінің проректоры Ақбөпе Керімбекова бауырымның, педагог сіңілілерім Ақзира Қасымованың, Жақсыгүл Тоғанованың құрметіне орындағым келеді. Ұстаз сыйлағаннан ұтылған ел көргенім жоқ. Мәртебелеріңіз өсе берсін, Мұғалімдер!”, — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кету керек, әнші арнайы құттықтағандар танымал педагогтар мен өнер қайраткерлері арасында жерлестеріміз Ақзира Қасымова мен Жақсыгүл Тоғанованың есімі ерекше аталған.
