Kyzylorda-news.kz. Қызылорда ОПД Анықтау басқармасының бастығы Б.Қаппар ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қабылданған заң бойынша Арал АПб-нің жеке құрамына жедел кеңес өткізді.

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Түзетулер мемлекеттік отбасылық саясаттың құқықтық, әлеуметтік және өзге де негіздерін жетілдіруге, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге, олардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуға, отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен Қылмыстық кодекске ауыстыру жолымен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін (ҚК 108-1-бабы) және ұрып-соғу (ҚК 109-1-бабы) қылмыстық жауаптылық енгізілді.

Полиция полковнигі Б.Қаппар Қызылорда ОПД Арал аудандық Пб-нің жергілікті полиция қызметі басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында заңнамаға түзетулер мен учаскелік полиция пункттерін материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелері талқыланды.

Жедел кеңес соңында Б.Қаппар заңнамадағы өзгерістердің қаншалықты маңызды екенін атап өтті, әріптестеріне Заң күшіне енгенге дейін осы мәселеге ерекше жауапкершілікпен қарауды, 108-1 және 109-1-баптарда көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу тактикасы мен әдістемесі бойынша сеніп тапсырылған бөлімшелердің жеке құрамымен күнделікті оқыту сабақтарын өткізуді қамтамасыз етуді тапсырып, ҚР ІІМ-мен әзірленген макет көшірмелері таратылды.

 

Тағы да оқыңыз: