Kyzylorda-news.kz Қазақстан Халық партиясының Қызылорда облыстық филиалы өрт қауіпсіздігі бойынша ақпараттық акция өткізді.
Акцияның мақсаты – азаматтарға өрттің алдын алу ережелерін түсіндіру және төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет етуге шақыру болды.
Акция барысында тұрғын үйлер мен көпқабатты ғимараттарды, адам көп шоғырланатын базар мен сауда орындарын және шағын дүкендерді аралап, жадынамалар мен ақпараттық парақшалар таратылды. Онда өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі кеңестер мен шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері көрсетілген.
Жылыту маусымы басталғалы тұрмыстық өрттің алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Азаматтардың қауіпсіздігі – мемлекет, қоғам және әрбір адамның ортақ жауапкершілігі.