Kyzylorda-news.kz «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында профилактикалық рейдтік шаралар жүйелі жүргізілуде. Құрамына қала әкімдігінің мамандары, ювеналды полиция инспекторлары, білім беру мекемелерінің тәрбие бөлімдерінің өкілдері енген мобильді топтар жастар мен жасөспірімдердің көп шоғырланатын аймақтарында, ойын-сауық орталықтарында аралау жасауда.
Сонымен қатар, қала мектептерінде буллинг, әлімжеттік, бопсалау және қауіпсіздікке қатысты мәселелерді анықтау мақсатында анонимді сауалнамалар ұйымдастыруда.
Бұл шаралар құқықбұзушылықтың алдын алуға және жастар арасында қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталып отыр.
