Kyzylorda-news.kz. Темір торда жазасын арқалап жатқан азаматқа зайыбы қатық құтысының ішіне телефон салып, өткізіп жібермек болған. 

Алайда қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің бақылаушылары тыйым салынған заттың ішкі аймаққа өтіп кетпеуінің алдын алды.

Жазаланушы 262-266 бап бойынша темір торда жазасын өтеп жатыр. Оған сәлем-сауқат әкелген зайыбы айласын іске асырмақ болады. Дегенмен сәлем-сауқатты қабылдау бөлмесінің қызметкерлері азаматшаның азық-түлік тапсыруын тексеру барысында айран құтысының ішінен 1 дана телефон және екі дана Beeline сим картасын тәркіледі. Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде әрекет етіп, ҚР ӘҚБ-481-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.

«Біздің қызметкерлер өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Бұл бірінші рет  орын алып отырған оқиға емес. Бүгінге дейін мемлекетіміздің игілігі үшін адал қызмет етіп келе жатқан қызметкерлеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамын. Қырағылық пен сақтық бақылаушыларымыздың басты қасиеті»  дейді мекеме басшысының міндетін атқарушы Темірбек Азамат.

 

Тағы да оқыңыз: