Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Арал ауданында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаев жүргізді. 

Кездесуге Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері қатысып, қаржы пирамидаларының белгілері, алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері және күмәнді инвестициялық жобалардан сақтану жолдары туралы кеңінен түсіндірді.

Іс-шара барысында тұрғындарға жеке қаражаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, цифрлық алаяқтықтан қорғану және қаржылық шешім қабылдау кезінде сақтық шараларын сақтау жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

Қаржылық сауаттылық түсіндірме жұмыстары.jpeg

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды. Сондай-ақ заң бұзушылықтардың алдын алуда әр азаматтың жауапкершілігі мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, күмәнді қаржылық ұсыныстарға сенбеуге және заңсыз әрекеттерге тап болған жағдайда құзырлы органдарға дереу хабарласуға шақырылды.

Қаржылық сауаттылық түсіндірме жұмыстары.jpeg

Тағы да оқыңыз: