Kyzylorda-news.kz  Жуырда «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын аттыру бойынша 5 күндік курсы басталған болатын. Курстың басты мақсаты – қатысушыларға отбасылық бюжетті жүргізу, шығындарын басқару, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алу, тиімді шарттармен несие таңдау, депозиттердің әр түрлі шарттарымен танысу, ірі сатып алуларды жоспарлау сияқты көптеген дүниелер үйрету.

Бүгінде Қаржылық сауаттылығын арттырған қыз-келіншектерге, әйел-аналарға сертификаттар табысталды.

Курсқа 70-ке жуық әйел-ана қатысты. Бюджеттік кірістер мен шығыстарды жоспарлап, қаржы жинақтау тетігін үйреніп, түрлі мемлекеттік несиелер мен гранттар туралы мәліметке қаныққан қатысушылар курстан алдағы өмірлеріне қажетті мол азық алды.

Бұл сертификат арқылы енді олар мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік алып отыр. Мақсаттарын айқындап алған соң, бизнес-жоспар құрып, қарызсыз өмір сүруге бейімделуге ниетті. 

Айта кету керек, курсты эксперт, бизнес-тренер Гүлжаһан Алтаева жүргізде. Алғашқы сабақта әйелдерге өз қаржыларын тиімді жұмсап үйрену, ақшаны мақсатты дұрыс қолдану және жоспар құру тетіктері түсіндірді. Сондай-ақ, курс барысында қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізіп, қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектесіп, кеңестерін ұсынды. Оған қоса қатысушылар заңгердің көмегіне сүйеніп, өздерін мазалаған сұрақтар бойынша заңдық тұрғыда кеңесін алды.

− Өздеріңіз білетіндей, «Amanat» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру жөнінде тың бастама көтерді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қолдап, оның ауқымын жалпыхалықтық деңгейге шығаруды тапсырды. «Қарызсыз қоғам» жобасы қарызға белшеден батып, үмітін үзгендерге нақты қолдау көрсетеді. Жоба қолда бар қаражатқа өмір сүруге, қажетсіз несиеден бас тартуға,  қаржылық тұрғыдан сауатты болуға үйретеді. Осы ретте шараға қатысқан қыз-келіншектерге алғысым шексіз. Олардың үйренуге, білуге деген талпыныстары адамды қанаттандырады, әрі қуантады , – дейді Гүлжаһан Алтаева.

 

Тағы да оқыңыз: