Kyzylorda-news.kz Апта басында Жаңажол ауылында азаматтардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасының оқыту курсы басталған болатын. Бүгін ауылының тұрғындары апталық оқыту курсын сәтті аяқтады. Ауыл тұрғындарына «AMANAT» партиясының аудандық филиалының қызметкері А.Түлебеков арнайы сертификат тапсырды.

Қатысушылар бір апта уақытта жалпы бағдарлама бойынша білімдерін жетілдіріп, мамандардан қолданыстағы қаржы құралдары, бағдарламалар, несиелер мен гранттар туралы кеңес алды. Семинарды қаржы эксперті Балдырған Мәмен өткізді.

Курсқа қатысушылар өз қаражатын тиімді басқаруды және қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді анықтау бойынша білімдерін жетілдірді. 

Айта кетейік, азаматтардың қаржылық сауатын ашуына мүмкіндік беретін бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше қолдауына ие болған.

Келесі кезектегі оқу-семинар қазан айының 14-18 аралығында Ақжар ауылында өткізілмек. Қатысуға ниеті бар азаматтарды тегін қаржылық сауаттылығын арттыруға шақырамыз. 

Жобаға қатысуға ниетті азаматтар 2-22-92, 87079272868 байланыс нөмірлеріне хабарласу арқылы немесе qogamfin.kz сайты арқылы тіркеле алады.

Тағы да оқыңыз: