Kyzylorda-news.kz. Соңғы уақытта банктік шоттардан және депозиттерден қаражатты ұрлаумен байланысты интернет-алаяқтықтың жаңа схемалары анықталуда. Мұндай әрекеттер банктік шоттар, төлем карталары мен депозит иелерінің ақпаратына рұқсатсыз қол жеткізу мақсатында жүргізіледі. Бұл ретте клиентке қызмет көрсетілетін ірі банктердің байланыс орталықтарының ресми нөмірлеріне ұқсас жалған нөмірлерден қоңыраулар жиі пайдаланылады. Қаскүнемдер азаматтарға қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстыру арқылы алаяқтық жасаудың жаңа тәсілдерін тапқан. Алаяқтар оларға ЖСН, төлем карточкаларының деректемелері, СМС-кодтар мен бір реттік парольдерді атауды талап етеді. Қаржыгер Досбол Арыстанбеков, осы сынды жәйт орын алғанда ешкімге өзінің парольдерін, СМС арқылы алынған кодтарын, төлем карталарының деректемелерін, паспорттық деректерді айтпауға кеңес береді.
Ғаламтордағы баукеспелер
Қазіргі кез "ақпарат пен технология ғасыры" деп текке айтылмаса керек-ті.
Американдық өзін-өзі жетілдіру ғылымының маманы Брайан Трейсидің айтуынша, енді ақпарат көлемі жыл санап екі еселеніп отырмақ. Мұның бәрі электрондық нұсқада болатыны анық. Осындай цифрлық бағдарламаға еріксіз байланған заманда интернет арқылы қылмыс жасайтын ұры "хакер" пайда болды. Олардың кәдімгі баукеспелерден ерекшелігі – ұсақ-түйек тиын-тебенді місе тұтпайды, миллиондап, тіпті миллиардтап жымқырады. Ақша ғана емес, мемлекеттің жасырын мәліметтерін, түрлі ірі коммерциялық құрылымның кәсіби құпияларын тартып, ақпараттық қатер төндіреді. Ең бір сорақысы – мұндай қылмыскерлерді ұстау да, жазаға тарту да оңай шаруа емес.
Қауіптің бұл түрінен ірі кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар ғана емес, жеке адамдар да зардап шегуде. Жиған-терген мүлкі мен ақшаларынан бір-ақ сәтте айрылып, тақырға отырады. Еш айғақсыз жасалатын қылмыстарды ашу қиындығымен қатар көп жағдайда мүмкін де болмай қалады. Ұрылар жазадан сытылып, өздеріне заңның дәрменсіз екендігін сезінеді.
Қылмыс жасау тәсілі қандай?
Түрлі айла-жарғымен ұрлық жасайтын алаяқтардың шеберлігі кім-кімді де таңдай қаққызады. Қазір тетікті басып қалсаң батпан былқылдаққа тап келтіретін интернет-бизнеспен айналысатындар көп. Тек оның жалғаны мен ақиқатын айыра білсеңіз игі.
"Бір керемет сайт арқылы ақша табуға болады деген ютубтен көрген бейнетаспаға сеніп, тіркелдім. Онда бірнеше пакет түрі бар. Сатып алып, содан кейін күн сайын тиындап түскен табысты қалтаңа салып отыруға болады делінген. Әлгі видеода сайтқа қалай тіркеліп, қалай ақша табатындығы нақты түсіндірілген. Содан "вебманней" арқылы жүз долларға пакет иемдендім. Оны активтендіріп, көрсеткен тетігін басқанда, ақша түсуі тиіс еді. Бірақ нұсқаған тетікті басқан соң ақша түсудің орнына жүктелмей шыр айналып тұрып қалды. Бірнеше сағаттап күттім. Ештеңе түспеді. Ертеңіне, арғы күні де осы жай қайталанды. Сонда ғана өзімнің алаяқтың қармағына іліккенімді түсіндім", – дейді атын жасырған қазалылық А.Ж есімді кейіпкер.
Тағы бір алданған жан, табысын еселеймін деп ақырында жырық астаудың жанында қалғандығымен бөлісті. "Криптовалюта – электронды валюта дегеннің жаңа шығып жатқан кезі. Есеп-шот ашып, оған салған ақшаны басқа электронды әмияндарға аудару арқылы ақша табуға болады. Ютубте бұның қалай жүзеге асатыны көрсетілген. Соған иланып, ақшамды аудар деген жерге жіберіп, нәтижесінде түксіз қалдым. Осындай бірнеше алаяқтықтың құрбаны болған соң ес жидым.
Қазір электронды поштама келіп жататын хаттардың, әлеуметтік желіде шығатын оңай олжаға қарық боласың, деген мәтіннің бәрін түгел ойланбастан өшіре саламын. Оның есесіне ақшам қалтамда, алаяқтардан аулақпын" деген уәжін жеткізді.
Оңай олжа орға жықпасын
Алаяқтар мен ұрылардың қолданатын ең сенімді қаруы – адамдардың ашкөздігі. Олар аздап тиын-тебен салу арқылы мол табыс табасың деп немесе қымбат тұратын мүлік пен пәтерді, автокөлікті базар бағасынан әлдеқайда төменге беремін деп жер соқтырып жатады.
Орыс халқының «тегін ірімшік қақпанда ғана жатады» деген мақалы бар. Бұл фәниде оңай олжа болмайды. Ақиқаты осы. Сондықтан, интернет арқылы жеңіл табыс табуға болады деген жарнамадан сақ жүріңіз және мұндай сайттардағы базар бағасынан арзан пәтер немесе автокөлік, басқа да мүлікті көрсеңіз, оның тасасында алаяқтық жатқанын есіңізден шығармаңыз. Сонда ешкімге алданбайсыз.
Алаяқтар - адамның сезімдері мен қалауларымен оңай ойнайтын керемет психологтар. Алаяқтар өзімшілдік үшін құрбанның ашкөздігін, парасаттылығын немесе сенімін, басқа адамдардың әдептілігіне деген сенімін пайдаланады. Алаяқтар көбінесе жақсы достар, әріптестер және тіпті туыстар болады. Бір қарағанда, алаяқтар шынайы және ашық адамдар сияқты көрінеді.
Алаяқтықты ұсыну проблемалары - алаяқтарға ақшаларын немесе құндылықтарын тапсырғанда, жәбірленушілер олардан ешқандай түбіртектерді алмайды. Сондықтан, шабуылдаушының біреудің мүлкін алғаны туралы растау мүмкін емес.
Ресейде тағы бір ескерту - кінәсіздік презумпциясы қолданылады. Айыпталушы өзінің кінәсіз екенін дәлелдемеуі керек. Сізден және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен, оның қылмысқа қатыстылығын дәлелдеу талап етіледі. Егер, сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, онда олардың қылмысқа қатыстылығын өзіңіз дәлелдеуге тура келеді.
Алаяқтар көбінесе жоғары білімді, білімді және білімді адамдар. Өкінішке орай, қылмыскерлер өздерінің білімі мен дағдыларын қоғамға қарсы және заңсыз әрекеттерге бағыттайды.
Сонымен қатар, қағазбастылық кезінде кез-келген қауіп пен алаяқтық ниетін алдын-ала болжауға болатын жағдайларды қарастырған жөн.
Біздің елімізде алаяқтардың саны тұрақты түрде өсуде, өйткені олардың әрекеттерін дәлелдеу өте қиын. Шабуыл жасаушы өз кінәсін мойындамайды, ал жәбірленуші мен тәртіп сақшылары қажетті дәлелдер таба алмайды.
Алаяқтардың қолына түсіп қалмас үшін, сергек болыңыз және айналаңыздағы адамдарға назар аударыңыз. Жұмыстағы әріптесі немесе сөйлескен көршісі жақсы тәжірибелі алаяқ болуы мүмкін.
Алаяқтармен күрестегі басты ереже - сенім, бірақ тексеріңіз.
