Kyzylorda-news.kz Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректермен алмасу орталығының қызметін және оның қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимылын жүзеге асыру тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚҰБ Басқарма қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленгенін хабарлайды.

Жоба Антифрод-орталық қызметін жүзеге асыру және оның қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асырудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

Антифрод-орталық қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылатын технологиялық платформа болып табылады. Платформа тиісті таңбаланған күдікті операцияларды қоса алғанда, алаяқтық операциялар бойынша нақты уақыт режимінде қаржы нарығының субъектілері арасында деректер алмасуды қамтиды.

Антифрод-орталықтың міндеті – азаматтардың қаражатын алаяқтық операциялардан қорғауды қамтамасыз ету, алаяқтық операцияларға жедел шара қабылдау және оларды уақытында бұғаттау.

Толық функционалы бар өнеркәсіптік енгізу биыл 22 шілдеде – цифрландыру мәселелері жөніндегі тиісті Заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап жоспарлануда.

Жобаның толық мәтінімен Ашық нормативтік-құқықтық актілердің ресми интернет-порталында және ҚҰБ сайтында танысуға болады.

Дереккөзі: Қазақстан Ұлттық Банкі

Фото: Fingramota.kz

 

Тағы да оқыңыз: