maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz Бүгін 15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні және Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай мерекелік қабылдау өтті.

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов қаржы саласының тұрақты дамуына зор үлес қосып жүрген сала қызметкерлерін құттықтап, игі тілегін жеткізді.

«Бүгінгі Ұлттық валюта күні мерекесінде ел экономикасының дамуына аянбай күш-жігерін жұмсап жүрген қаржы саласының ардагерлері мен сала мамандарын шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің жауапты қызметтеріңіз бен адал еңбектеріңіз ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!» – деді Ә.Байнахатов.

Жиын барысында ауданымыздың қаржы саласында еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген сала үздіктері ҚР Қаржы министрлігінің, облыс әкімі мен аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталып, құрмет төрінен көрінді.

Сондай-ақ, салтанатты шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, сала ардагері, Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы» Болат Тәшімбетов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.

Тағы да оқыңыз: