Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану жөнінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға жауапты міндеттер жүктеп келеді. Расында да бұл бүгінгі өзекті мәселенің бірі. Бюджет қаражаты ысырапшылдықты көтермейді. Оның әр теңгесі қатаң бақылауда болған жағдайда ғана тиімділігі арта түседі. Осы орайда аудан бюджетін тиімді жоспарлау үшін қоян жылында атқарылар жұмыстардың легін тарқатты. Алдымен 2023 жылғы кірістер болжамына назар салсақ, 10 млрд 430 млн 421 мың теңге көлемін құрайды екен. Ал бұл қаржы қайда жұмсалмақ соны тарқатып көрелік…
Аудан бюджетінен Бәйтерек, Жуантөбе елді мекендеріндегі көшелерді жөндеу жұмыстарына 58 млн 573 мың теңге қаралуда. Келер жылы ауыл халқы көптен күткен Ә.Молдағұлова мен Асанбай ата көшелері жөнделетін болады. Сонымен қатар Иіркөлдегі №10, 11, 12,13, 22, 23, 24 кв, С.Төребаев, Т.Адилов көшелеріне және Тұрандағы А.Құнбаев, Қорғанбаев, Молжігітов, Қодаманов көшелеріне жарық орнату үшін барлығы 33 млн 232 мың теңге қаржы бөлінетін болады.
Сессия отырысында мақұлданған тағы бір мәселе Майлытоғай елді мекеніне балалар ойын алаңын орнату ісі. «Балалар жылы» аясында бастау алған игілікті іс келер жылы да жалғасын таппақ. Ол үшін 38 млн 101 мың теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуге 25 млн 921 мың теңге, санаторлы-курорттық емделу қызметін алатын мүгедектігі бар адамдарға ілесіп жүрушілердің шығындарын өтеуге әлеуметтік көмекке 3 млн 588 мың теңге, барлығы 29 млн 509 мың теңге бөлінетін болды.
Шиелі ауданына қарасты ауылдардың ішінде алғашқы болып көгілдір отынның игілігін 2018 жылы Ы.Жақаев ауылының тұрғындары көрген болатын. Одан соң бұл жұмыстар Бидайкөл, Байсын, Керделі, Нартай ауылдарында жалғасын тапты. Биыл бұл тізімге Ақмая, Алғабас және Ш.Қодаманов ауылдары да қосылды. Осылайша, аудан халқының 60 проценті газға қосылып, күл шығарып, от жағудың машақатынан арылды. Ендігі кезекте көгілдір отынның қызығын көру еңбекшіліктерге бұйырғалы тұр. Биыл Шиелі ауданының республикалық бюджеттің есебінен, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне газ тарту желілерінің құрылысын жүргізуге Еңбекші елді мекеніне 270 млн 356 мың теңге, Жиделіарық елді мекеніне 172 млн 157 мың теңге, барлығы 442 млн 513 мың теңге бөлініп отыр. Оған қоса облыстық бюджеттің есебінен, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне Сұлутөбе елді мекеніне кіре беріс Мақсұт Тоқмағамбетов көшесін күрделі жөндеудан өткізу үшін 264 млн 651 мың теңге бөлінгенін де тілге тиек етті.
Сессия отырысында аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Жакеев Шиелі кентіндегі көшелерді орташа жөндеуге 563 млн 883 мың теңге қаралғанын да айтты. Ал ол қай көшелер? Кент тұрғындары тоқсан сайын әкіммен кездесуде айтатын Ш.Уәлиханов көшесінің басы, Қарабұзау көесінің аяғы, Қажымұхан көшесі және тұйығы, Желтоқсан тұйығы, И.Панфилов және тұйығы, М.Жұмабаев, Алтынбеков тұйығы, Ковтунов, Бөлтекейұлы, И.Құтпанұлы тұйығы, Абай тұйығы, Ботабаев тұйығы және №2 көше тұйығы, Кәрімбаев тұйығы, Шәкәрім Нұртөре моншасына дейін, Жайлыбаев тұйығы, Ә. Иманбеков, А. Жұбанов, Ж.Молдағалиев, Ағыбай батыр, Самара-Шымкент трассасынан Құрманғазыға дейінгі көшелер бар. Сондай-ақ Ә.Молдағұлова аяғы мен тұйықтары, №1, 2 көшелердің тұйықтары, №1,2,3,4,5,6 көшелердің тұйықтары, Ы.Жақаев тұйықтары, Отырар, Жерұйық, М.Қаратаевтан қашыртқы каналға дейін, Ж. Ердешбаевтан, М. Мырзахметов, Омаров, ГРП-23 мөл.ауданындағы көшелер, Боранов, Аудандық аурухана көшесі атаусыз, Ермағанбетовтен А.Исмаиловқа дейін, Өмірбекова, Нұртазаева, Қабанбай батыр, А.Едигеев, Ж.Базарбаев, Базарбаев жанындағы атаусыз көше, аудандық аурухана жанындағы атаусыз көше, Бурабай, Б.Сыздықов, Қалдыбаев, Шопашев, Амангелді көшесінің басы, Самар-Шымкент тас жол бойындағы көше, Жақаевтан Жаназа батырға дейінгі аралықтар жөндеуден өтпек. «Жолдың жайын жүрген білер» демекші аталған көшелер жөндеуден өтсе, кент іші көркейіп, жаңарып қалары сөзсіз.
Ауыл халқының тұрмыс сапасын арттыру бағытында қолға алынған бағдарламаның бірі – «Ауыл – ел бесігі» жобасы. Аталған бағдарлама аясында Тұран ауылындағы Н.Қорғанбаев, Н.Қылышбаев, Ақмаядағы Ы.Алтынсари, Игілік, Бәйгеқұмдағы Досбол би, М.Әуезов, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов көшелері күрделі жөндеуден өтетін болады. Бұл тізімде Иіркөлдегі Сұлтан Қалымбетов, Сыздық Төребаев, Рахмет Нүрекев, Абай Құнанбаев тұйығы, Ахпанбет Қоспанбетов, Төлеу Адилов, Ибрагим Шохаев, №14, №15, Талаптандағы Алиханов, Баекеев, Оразбаев, Оспанов, Палымбаетов, Сатбаев көшелері, Тартоғайдағы М.Шохай, С.Ершохаев көшелері де бар.
Аудан әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен өткен сессия отырысында бөлімдерге бөлінген қаржыны ұтымды игеру, сан мен сапаға маңыз беру мәселесі де сөз болды. БКүн тәртібінен түспей тұрған газдендыру, көшелерді жөндеу, жарық шамдарын орнату сынды жұмыстарға бастысы қаржы бөлініп, сессияда мақұлданды. Ендігі кезекте қаржы мақсатты, өз орнымен жұмсалса Шиелінің шырайы арта түсері анық.