Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының бастамасымен және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен елімізде жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасының өңірде орындалуы бойынша брифинг өтті.
БАҚ өкілдеріне арналған ресми жиында партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов, жобаның облыс бойынша менеджері, сертификатталған тренер, ментор Наталья Мишукова, және басқа да тренерлер мен қаржы сарапшылары партиялық жобаның маңызын, ауыл-аймақтарда өткен сабақтар барысы туралы баяндады.
«Өкінішке орай елімізде банктер мен түрлі қаржы ұйымдары алдында қарызы мол азаматтардың үлесі өте басым. Нақты айтсақ - 2 млн шамасында және бұл топта жастардан бастап зейнеткерлерге дейін азаматтар бар. Осы ретте 2023 жылдың сәуір айында «AMANAT» партиясы мен Halyk Bankтиісті меморандумғаотырып, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруды көздейтін «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Аталған құжат негізінде а.ж. 5 ақпаны күніпартияның «Қарызсыз қоғам» жобасы еліміздің барлық аймағында бастау алып, азаматтарға консультациялық көмек көрсету үшін өңірлерде «Қарызсыз қоғам» жобалық кеңселері құрылды. Жалпы биылғы жылы «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылық курстарымен еліміздің барлық өңірінде 800 мыңнан астам адамды оқыту жоспарлануда. Жобаға қатысатын 800 мың адамның 150 мыңытұрғындар болса, 100 мыңы студенттержәне 550 мыңы мектеп оқушылары. Жаз айларында мектептердегі «Жаһандық құзыреттілік», «Қаржылық сауаттылық», «Кәсіпкерлік негіздері» пәндері мұғалімдерінің арнайы оқудан өтулері жоспарлануда.» -деді Атқарушы хатшының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов.
Ал, жобаның облыс бойынша менеджері Наталья Мишукова сабақтар барысындағы түрлі тағдырлы тұрғындардың әсерін жеткізіп, олардың әлеуметтік мәселелеріне қанық болғанын атап өтті. Сабаққа қатысқандардың көбісі әйел азаматтар болғанын, мұнан бөлек оқуға қатысушылардың жартысынан көбінде несие проблемасы болғанын жеткізді. Қарызсыз қоғам сабақтарында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттырып қана қоймай, оларға заң кеңестерін беру ұйымдастырылып, көпшілігінің мәселесінің шешілуіне ұйытқы болған.
Брифинг барысында тренерлер мен қаржы сарапшылары БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Қазіргі таңда облыс бойынша ақпан – наурыз айлары қорытындысы бойынша мың жарымға жуық адам оқудан өтті (1 477 оқыды, 1399 адам сертификат алды).
«Қарызсыз қоғам» жобасының қатысушылары қаржы кеңесшілерінің дәрістерінен бөлек, enbek.kz порталына тіркелу мен Жеке кәсіпкерлік ашудан бастап, соттан тыс банкроттықты сүйемелдеу және берешекті өтеу кестесін жасауға дейінгі көптеген сұрақ бойынша кеңес ала алады. Сондай-ақ, оқу процесіне қатысушыларға заңгердің де көмегі беріледі. Олар әр қарыз алушының несиелік тарихын жеке зерттейді және қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша кеңес береді.
Курсқа жазылу үшін тұрғылықты жері бойынша «AMANAT» партиясының қалалық, аудандық филиалдарынанемесе өңірлерде ашылған «Қарызсыз қоғам» жобалық кеңселеріне хабарласуға болады.