Kyzylorda-news.kz А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында мәдениет саласы және 55/47 әскери бөлімі қызметкерлерімен кездесу өтті. 

Іс-шараға партияның облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңес төрағасы, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісінің орынбасары Мақсұт Нәлібаев пен кеңес мүшесі, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысындағы филиалы директоры, облыстық мәслихаттағы партия фракциясы мүшесі Әмірбек Шаймағамбетов қатысты. 

Кездесу барысында қатысушыларға партияның облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңес пен «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысындағы филиалы тарапынан күн тәртібіндегі мәселе бойынша жасалып жатқан жұмыстар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар алдында тұрған міндеттер туралы ақпарат берілді. 

Мұнан бөлек, кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша еліміздегі мемлекеттің және партияның бағдарламасымен, нормативтік – құқықтық актілер базасымен танысты.

Тағы да оқыңыз: