Kyzylorda-news.kz  С. Майқанова атындағы мәдениет Үйінде «Amanat» партиясының ұйымдастыруымен «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылығын арттыру курсының оқу аптасы бастау алды. 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "АМАNАТ" партиясымен бірлесіп, "Қарызсыз қоғам" білім беру жобасының ауқымын кеңейтетін Жол картасын және қалаларда ашылатын жобалық кеңселердің жұмысы туралы Ережені дайындады. Жобалық кеңселер азаматтарға қаржылық және құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді.

Бұнымен қоса, "Қарызсыз қоғам" жобасы аясын қаржылық сауат бойынша білім беру платформасы іске қосылады және Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарына, колледждеріне және мектептеріне қаржылық сауат курсы енгізіледі. Дәлірек айтқанда, 450 мың оқушы мен 100 мың студентті қаржылық сауат негіздеріне үйрету жоспарланған. Бұл оқу орындары үшін арнайы әдістеме мен оқу құралдары әзірленеді.

Айта кету керек, "Қарызсыз қоғам" − халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған "AMANAT" партиясы мен Halyk Bank-тің бірлескен бастамасы. Аталған жобада несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған ауыл тұрғындары, қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар, мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер кәсіпкерлер оқудан өте алады.

Жобаның алғашқы оқыту курсы 2 мамырда басталып, еліміздің 8 өңірінде жүзеге асырылды. Атап айтқанда, осы уақыт ішінде Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарының 65 мың тұрғыны жоба аясында қаржылық сауатын арттыру бойынша оқу курсынан өтті.

«Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушыларға жоғары оқу орындарының оқытушылары және  банк саласының қызметкерлері дәрістер оқуда. Арнайы жасақталған кестеге сәйкес, қазақ және орыс тобына  бөлінген қатысушылар күнделікті келіп, өздеріне қажетті ақпараттар алып, жобаға қатысуда белсенділік танытуда.

Сауаттылықты арттыру курсынан өтушілерге жобаның өңір бойынша қаржы сарапшысы, ментор Наталья Мишукова қаржылық сауаттылықты арттырудың тиімділігі мен басым бағыты туралы ақпараттармен бөлісетін болады.

Айта кетейік, курс арқылы кент бойынша 300 адамды арнайы оқудан өткізу жоспарланған. Курстың ІІ кезеңі 20-24 мамыр аралығында өтеді. Жобаға қатысып, қаржылық сауаттылығын арттырғысы келетін тұрғындар төмендегі байланыс нөміріне хабарласуларына болады.

Тел: 8(777) 174-54-27 Үміт,

8(777) 067-87-35 Аягөз

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: