Kyzylorda-news.kz. 2022 жылдың желтоқсан айының 19-23 күндері аралығында Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округі аумағында өткізіліп жатқан «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы заңсыз айналымдағы атыс қаруларын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды анықтау және алу мақсатында жүргізілуде. 

Сонымен қатар қару иелерін тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріп, олардың қаруды пайдалану, ұстау және сақтау талаптарын орындауы қадағалануда. 

Ішкі істер органдарының тіркеуіне алынған азаматтық қару-жарақтарды сақтау жағдайын тексеру мақсатында қару иелерінің мекен-жайлары тексеріліп, оның ішінде қару сақтау ережелерін бұзған 2 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484 және 486 бабының талаптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделіп, осы Кодекстің 53-1 бабының талаптарына сәйкес қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жолдама берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы күндерде жалғасын табатын болады. Барлық анықталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз.
 

51.jpg

Тағы да оқыңыз: