Kyzylorda-news.kz   Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында көшелер мен саябақтарды көгалдандыру және тазартуға бағытталған «Жасыл желек» жалпы халықтық челленджі ұйымдастырылды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың табиғатқа сүйіспеншілігін ояту мақсатында өткізілген іс-шарада 500-ден астам көшеттер егілді.
Сонымен қатар, аудан бойынша барлық елді мекенде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, аяқ су арықтары тазаланып, ағаштарды көктемгі қырқу, әктеу, сыртқы қоршауларды бояу, қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізілді.

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Әрбір тұрғын өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі.

Мұнан өзге Қармақшы ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қарқынды тазалық жұмыстары жүргізілді. Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза өлке» атауымен ұйымдастырылған игі бастамаға барлық мекеме ұжымдары, еріктілер және тұрғындар белсенділік танытты. Акцияға қатысушылар бекітілген аумақтарда тал көшеттерін отырғызып, көше жиектерін тазалап, аяқ су жүретін арық көздерін аршыды.
 

Тағы да оқыңыз: