Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда ел азаматтары үшін басты мәселе – жұмыс көзін табу, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау, яғни қайтарымсыз грантты ұтымды пайдалану арқылы кәсіпкерлікпен айналысу. Осы орайда, Қармақшы ауданында Мемлекет басшысының Жолдауларында берілген нақты тапсырмаларға сәйкес көптеген іргелі істер атқарылуда. Тіпті мемлекеттік бағдарламалар арқылы азаматтарды, оның ішінде жастардың пайдалы іспен айналысуына қолдау көрсетілуде.  Ал өз ісін бастаймын деген азаматтарға мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан қолдауды қармақшылықтар әлдеқашан ұтымды пайдаланып, кәсіптерін бір жолға қоюда.

Есепті кезеңде аудан тұрғындары арасында жұмыссыздық және олардың жұмыспен қамтылу деңгейі туралы тоқталсақ, жұмыс іздеуші ретінде аудандық жұмыспен қамту орталығына хабарласқан 3167 тұрғын болса, оның 1185-і жұмыссыз жас екен. Нақтысын айтқанда, жұмыс іздеуші ретінде тіркелген тұрғын саны – 2200, ал жастар бойынша – 657. 

Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту орталығының ұсынған мәліметінше, қараша айының 1-ші жұлдызында аудан бойынша есепте тұрған 1842 адам жұмыссыз болып тіркелген, онда жастардың үлесі 570 болыпты. Жыл көлемінде жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылған 564 тұрғынның 143-і жастарды құрап отыр. 
Биыл ауданның жұмыссыз тұрғындары мен жастары арасында жұмыссыздықты азайту мақсатында қысқа мерзімді кәсіптік оқулар ұйымдастырылып, оған 30 адамды оқытуға облыстық бюджеттен қаржы қаралған. Аудан бойынша 4 жұмыс берушіден 30 адамға өтінім түскен. Атап айтқанда, ЖК «Омарова» жеке кәсіпкерлігі аспазшылыққа, «Әмбебап», «Оспанова Р» ЖШС тігінші мамандығына, сонымен қатар тас қалаушылыққа ЖК «Усенов Қ» жеке кәсіпкерлігінен өтінім берген. Осыған сәйкес үш мамандық бойынша аграрлы-техникалық колледжіне жұмыссыз 30 адам жолданып, олар өздері қалаған мамандығы бойынша біліктілігін жетілдіріп, жоғарыда аталған жұмысқа жіберілген. Оның ішінде жастар үлесі 5 адам. Сонымен қатар «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік курсында есепті мерзімде онлайн негізінде білімін жетілдірген 649 адам оқуын аяқтаған. 

Мемлекет тарапынан қазақстандықтарды қолдауға бағытталған кәсіп бастауға қайтарымсыз грант жобасын жүзеге асыруға, яғни жаңа бизнес идеяларды іске асыруға республикалық бюджеттен 400 айлық есептік көрсеткіш бойынша 349 адамға 213 797 000 теңге, ұлттық қордан 214 968 000 теңге қайтарымсыз грант бөлінген болатын. Оның ішінде жастарға республикалық бюджеттен 158 адамға 36 756 000 теңге, ұлттық қордан 99 216 000 теңге қаралған. Барлығы 349 адамға 428 765 000 теңге және де осы бағытта 21 адамға қосымша қаржы қаралады. Нақтысын айтқанда, жыл басынан бері қармақшылық 370 тұрғын қайтарымсыз грант алып, бүгінде өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған жайы бар. Жекелеп айтқанда, І лекке қайтарымсыз грант алуға онлайн түрде 9 адам өтініш берсе, 29 жасқа дейін 2 адам, әлеуметтік осал санаттағы 7 адам өтініш қалдырған. Комиссия отырысының қорытындысымен 7 азамат бизнес жобасын қорғап, комиссия тарапынан оң шешімін тапқан. 

Сонымен қатар ІІ лекте онлайн түрде қайтарымсыз грант алуға өтініш берген 177 азаматтың комиссия қорытындысымен 120-сы бизнес жобасын қорғап, оң шешімін тауса, оның ішінде жастары 52 адам, АӘК алушы 4 адам, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар 18 адам, көпбалалы отбасы мүшелері 38 адам, мүмкіндігі шектеулі балаға қараушы 6 адам, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушы 2 адам. 

Сонымен қатар ІІІ лекке қайтарымсыз грант алуға онлайн түрде 160 адам өтініш берген. Комиссияның қорытындысы бойынша 103 адам бизнес жобасын қорғап, оң шешімін алса, оның ішінде 52 жас, АӘК алушылар 1 адам, мүмкіндігі шектеулі тұлға 8 адам, көпбалалы отбасы мүшесі 32 адам, мүмкіндігі шектеулі балаға қараушы 7 адам, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушы 1 адам өтініш беріп, қолдау тапты. 

Сонымен қатар, ІV лекке қайтарымсыз грант алуға онлайн түрде 281 адам өтініш берсе, комиссия қорытындысымен 140 адам бизнес жобасын сәтті қорғаған. Оның ішінде 53 жас, АӘК алушы 6 адам, мүмкіндігі шектеулілер бойынша 17 адам, көпбалалы отбасы мүшелері арасынан 48 адам, мүмкіндігі шектеулі балаға қараушы 13 адам, ал асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушы 3 адам қолдау тапқан.

Сонымен қатар, мемлекеттік «Жастар тәжірибесіне» биыл республикалық бюджеттен 89 адамға 40 891 000 теңге, облыстық бюджеттен 2021 жылдан 2022 жылға 2 392 000 теңге жалғастырушыларға төленсе, Ұлттық қордан 60 059 000 теңге төленіп, бүгінде сол жас мамандар мамандықтары бойынша қызмет атқаруда. Осы жоба аясында республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан 111 жас маман, 44 мекемеге жолданып, 4 адам аяқтап, оның ішінде 3 жас тұрақты жұмыспен қамтылған. 
Сондай-ақ, ауданда «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша облыстық бюджеттен 24 адамға 8 822 000 теңге, Ұлттық қордан 13 611 000 теңге қаралып, ол жоспарға сәйкес 6 жас маман ЖК «Скакова», «Иіркөл», «Рабиға» шаруа қожалығы, №9 «Достық» балабақшасы және аудандық жыраулар үйіне жұмысқа қабылданған. Сонымен қатар биыл қоғамдық жұмысқа 675 адам жолданса, оның 91-і жастар үлесіне кіреді. Республикалық бюджеттен 216 адам 62 мекемеге жолданып, 32 адам аяқтап, оның ішінде 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жергілікті бюджеттен 318 адам, 30 мекемеге жолданып, 42 адам аяқтап, оның ішінде 26 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Ұлттық қордан 141 адам, 54 мекемеге жолданып, 8 адам аяқтап, 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 50 адамға 25 500 000 теңге қаралса, 11 кәсіпкерлік субьектіге 18 адам жолданған. 

Сонымен бірге «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына облыстық бюджеттен 4 адамға 1 109 000 теңге қаралған болса, «Күміс жас» жобасына Ұлттық қордан 15 адамға 17 014 000 теңге қаралған. Тағы бір айта кететіні, «Онлайн – оқу курстары» бойынша 14 кәсіп түрінен барлығы 98 адам оқытылған, оның ішінде 20-сы жастарды құрайды. 
 

315245086_1310805879680606_329176029286423224_n.jpg

2022_11_22_09_27_16_d7620f242f.png

316214544_1312890306138830_8790360316535753382_n.jpg

Тағы да оқыңыз: