Kyzylorda-news.kz  18 сәуір – Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай өскелең ұрпаққа тарихи-мәдени ескерткіштердің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Қармақшы аудандық аграрлы-техникалық колледжі студенттерінің қатысуымен, аудандық Жыраулар үйінің ескерткіштерді қорғау жөніндегі маманы Гүлфайруз Байкубекова мен аудандық тарихи-өлкентау музейі қызметкерлері бірлескен түрде ортағасырлық Сортөбе қалашығына экскурсия жүргізілді. 

Экскурсияның мақсаты жастардың мәдени- тарихи ескерткіштермен танысу,табиғи ортада этикалық нормаларды жасақтау,табиғи жағдайда жастардың толыққанды демалысты ұйымдастыру, тарихи- мәдени ескерткіштерге құрметпен қарауға бағытталды. 

Экскурция барысында студент жастар тарихи-мәдени ескерткіштерді танысты. Сонымен қатар, ескерткіш маңына тазалық жұмыстарын өткізумен және археологиялық ескерткіш туралы кең көлемде түрлі мағлұматтар алды.

Сондай-ақ музей жұмыс жоспарына сәйкес аудан орталығындағы "Қазақ хандығы" аллеясында да экскурсия жүргізіліп, №30 орта мектеп оқушыларына музейде "Ескерткіш - ел тарихы" атты экскурсиялық сабақ өткізілді.
 

Тағы да оқыңыз: