Kyzylorda-news.kz. Қармақшылық оқушылар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің алғыс хатымен марапатталды.
Қармақшы ауданы Жосалы кенті Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің оқушылары Мадияр Ақназарұлы, Дамир Бекбергенұлы Жақсылықов, Тоқтарқызы Әбдіқадыр Назерке Республикалық «Бала және бағдаршам» жобасына қатысып, жобаның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Мұратұлы Ахметжановтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
Өз кезегінде оқушылар полиция қызметкерлерімен бірге, балаларға жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін насихаттау және аудан көшелерінде қауіпсіз әрекет дағдыларын үйретуде белсенділік танытты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Алғыс хатын» оқушыларға Қармақшы ауданының Полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Бақытбек Зейнуллаұлы Жаркинбаев табыстады.
Қармақшыда турнир өтті
Жастар ресурстық орталығы және «QADAM QARMAQSHY» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Білім шыңындағы жастар" атауымен турнир өткізілді. Турнир барысында жастар арасындағы өзекті мәселелер бойынша тақырыптар ұсынылып, қатусышалар арасында пікірталас жүргізілді.
Сайысқа аудан орталығында орналасқан мектептерден 6 фракция қатысты. Турнир қорытындысы бойынша I орын 250 мектеп лицейі, II орын 26 орта мектебі, III орын 27 орта мектептері марапатталды және үздік спикер алғыс хатымен 105 мектеп Нұргүл Сейітбекқызы, үздік оратр алғыс хатымен 183 мектеп Данил Әбдіқадыров, үздік қарсыласшы алғыс хатымен 30 мектеп Қуатбек Дилназ алғыс хаттармен жәнеде бағалы сыйлықтармен марапатталды.