Қармақшы ауданы Жосалы кентінің орталық алаңында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген «Ел іші – өнер кеніші» атты концерттік бағдарламаның ашылу кеші өтті.

Тағылымды кеште аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев құттықтау сөз сөйлеп, пікір білдірді.

FB_IMG_1781416284846.jpg

- Өнер – халықтың рухани байлығы, ұлтымыздың асыл қазынасы. Осы құндылықтарымыз арқылы халқымыздың тарихы мен тағылымы, салт-дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Өткен жылдан бастап ауданымызда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Ел іші – өнер кеніші» концерті жергілікті өнерпаздардың шығармашылығы мен талантты азаматтардың арасындағы мәдени байланысты нығайтуға үлкен үлес қосып келеді. Барша қатысушыларға шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілеймін. Өнерлеріңіз өрлей берсін, мерейлеріңіз үстем болсын,- деп атап өтті.

Кеш барысында Төретам кенті мен Тұрмағамбет ауылының өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, тұрғындарға рухани әсер сыйлады.

Айта кетсек ұлтымыздың асыл құндылығын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылар тағылымды кеш Жосалы кентінің орталық алаңында кент және ауылдық округ өнерпаздарының қатысуымен қыркүйек айына дейін әр сенбі сайын өткізілетін болады.

FB_IMG_1781416302055.jpg

Тағы да оқыңыз: