Kyzylorda-news.kz Бейсенбі күні Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі қарсаңында Қармақшыда «BastimeQuiz» интеллектуалдар сайысы өтті. Білім бәйгесіне кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары және қызметкерлері, медицина мамандары қатысты. Сайыста 29 мемлекеттік мекемеден 10 команда бақ сынасты.

Мемлекеттік қызметшілердің еліміздің егемендігін қорғауда, оның дамуына және халықтың мүддесіне адал қызмет етуге маңызы зор. Бұл шараның маңыздылығы мемлекеттік қызметшілердің халыққа адал қызмет етуге бағытталды. Сонымен қатар олардың арасында тиісті достық қарым-қатынасты нығайту және ой ұшқырлығы мен ұжымдық әрекет ету болып табылады.

Сайыста елді мекендер мен салалық ұжымдардан жиналған командалар белсенділік танытты. Сондай-ақ өзара пікір алмасып, ой қозғап, жинаған білімін, эррудициялық мүмкіндіктерін пайдалана отыра тарысқа түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша медицина мамандарынан құралған «Денсаулық» командасы топ жарды. Ал ІІ орынға «Лидер» (Ақжар, Ақтөбе, ІІІ Интернационал, Жаңажол елді мекендерінен құралған) командасы жайғасты. Жүлделі ІІІ орынға «Тұлпар» командасы (аудандық экономика және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен құралған) тұрақтады.

Қармақшыда алғашқы болып бастау алған ойынның мәресі облыстық ақтық сайысқа ұласады. Сайыс қорытындысы бойынша І орын алған команда облыстық кезеңге жолдама алды.

Тағы да оқыңыз: