Kyzylorda-news.kz. Өңірлік кеңес мүшелері қармақшылық кәсіпкерлерімен және салаға жауапты мамандармен кездесіп, «Мен кәсіпкер» жобасы, кәсіпкерлікті дамытуға арналған Ұлттық жоба аясындағы қаржылай қолдау тетіктерін түсіндіріп өтті.
«Биыл ауыл тұрғындарына, жастарға мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі. Жастарға арналған бағдарлама жұмысын бастап кетті. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жақын күндері нақты талаптары белгілі болады. Мемлекеттің мұндай қолдауын уақытылы қолдану керек. Кеңес алу, құжат дайындау бойынша біз көмек көрсетеміз», – деді Палата директорының орынбасары Даурен Мұзапарұлы.
Облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Наталья Мишукова «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында жүзеге асырылатын «Бір ауыл – бір өнім» жобасына ауылдағы қыз-келіншектерді қатыстыру үшін ауылдық округ әкімдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізуде көмек көрсетуді сұрады. Кездесуге қатысқан кәсіпкерлер салаға қатысты проблемаларын айтты. Атап айтқанда, несие алу барысында кепіл мүліктерінің төмен бағаланатынын, салдарынан жеткілікті деңгейде қаржы ала алмайтынын айтты. Сондай-ақ, шарада сөз алған кәсіпкерлердің басым бөлігі жеңілдетілген несие алуға ниетті екендерін жеткізді.
Кәсіпкерлердің көтерген мәселесі бойынша кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы әр бағдарламаның ерекшелігін түсіндіріп, шешу мүмкіндіктерін ұсынды.
Қармақшыда түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Бүгін Қармақшы ауданының орталығындағы аграрлы-техникалық колледж студенттерімен Қармақшы ауданы прокуратурасының прокуроры С.Абдулғазиз, Қармақшы ауданының Полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты М.Алимбаев, Жастар ресурстық орталығы басшысы Н.Пірназаровтармен «Есірткісіз болашақ» атты тақырыпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты жастар арасындағы есірткіге қатысты проблемалар және есірткіні қолданудың алдын алу. Нашақорлықтың зардабы мен адам өміріне зияны туралы, темекі шегетін қоспалар мен синтетикалық есірткілерді тұтыну салдарынан болатын жағдайлар туралы ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, студент жастарға құқық бұзушылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілігі туралы түсіндірілді.
Полицейлерге арнайы атақтар берілді
Қармақшы ауданының полиция бөлімінің кезекті жұмыс күні салтанатты іс-шарамен басталды. Бөлім бастығы полиция полковнигі Жаркинбаев Бахытбек Зейнуллаевич, бөлімнің тергеу бөлімшесінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Бағланбаев Жандос Рзашұлына, орта басшы құрамының кезекті "полиция капитаны" арнаулы атағы, бөлімнің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің УПИ-ры Ұзақбаев Әділжан Оразбекұлына, УПИ-ры көмекшісі Нұрмағанбет Бексұлтан Русланұлына, патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы Боранбаев Мәжит Боранбайұлына "полиция лейтенанты" арнаулы атақтары, бөлімнің АжБт-ның технигі Абдраимов Азамат Ерікұлына, бөлімнің уақытша ұстау изоляторының полицейі Мейрамбекұлы Думанға, ТҚЕт-ның қару-жарақ қоймасының меңгерушісі Елесханов Ержан Сайымұлына, полиция жүргізушісі Байзақ Әлихан Русланұлына, кеңсе технигі Бақытжанұлы Асылжанға кіші басшы құрамның кезекті арнаулы атақтары "полиция қатардағы" атағының пагондарын табыстап құттықтау сөзін айтты. Әріптестерімізді бүгінгі арнаулы атақтарын алу күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сәден нұртаев атындағы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді
2 мамыр күні 9-10 сынып оқушыларына арналған білім саласының ардагері С.Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы пәнінен Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.Қазақстан тарихы пәніне деген интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту, дарынды оқушыларды қолдау мақсатында өткізілген шараға 40-тан астам оқушы қатысты. Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 3 тур бойынша өткізілді. І тур - тест тапсырмалары, ІІ тур - деңгейлік тапсырмаларға жауап беру, ІІІ тур-тарихи жағдаяттық тапсырмалар (С.Нұртаев өмірі мен шығармаларынан) Қазылар алқасының шешімі бойынша:
9 сыныптар бойынша І орын №105 мектеп-лицейінің оқушысы Н.Сейітбекқызы, ІІ орын №27 мектептің оқушысы А.Алдабергенова, №277 мектеп-лицейінің оқушысы А.Абдикаримова, ІІІ орын №79 мектептің оқушысы М.Берікбол, алғыс хаттармен №107 мектептің оқушысы Ж.Фарахат, №109 мектептің оқушысы Д.Нұрғалиев, 10 сыныптар бойынша І орын №277 мектеп-лицейінің оқушысы А.Жанпейсова, ІІ орын №274 мектептің оқушысы И.Такенжан, ІІІ орын №250 мектеп-лицейінің оқушысы Ә.Амандықов, №272 мектептің оқушысы А.Жеткергенов, алғыс хаттармен №275 мектептің оқушысы Ж.Болатова, №111 мектептің оқушысы Н.Шакизадаева марапатталды. Республикалық кезеңге №105, №277 мектеп-лицейінің оқушылары жолдама алды.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай автокөлік дәлізі бойындағы жол бойы қызмет көрсету нысандары»
Бүгін аудан әкімі Ж.Еркінбектің тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Б.М.Өмірзақов ауданға қарасты жол бойындағы қызмет көрсету кешендерінің сыртқы келбетін сырлау, әктеу, түнгі жарықтандыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 151 шақырымын Қармақшы ауданына қарасты аумағы алып жатыр. Бүгінде 14 жол бойы қызмет көрсету кешені жұмыс жасап тұр. Оның 12-сі Ұлттық стандартқа сәйкес келеді.
Оның ішінде «А» санатында – 1, «В» санатында – 1, «С» санатында – 7, «Д» санатында – 3, санаты жоқ – 2 кешен жұмыс жасап келеді.
Сонымен қатар, тұрақты түрде бөлім тарапынан тазалық жөнінде жол бойы кешендеріне мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады.
