Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында ағаштан ою ойып, ұлттық нақыштағы кәдесыйлар жасайтын кәсіпкер алғашқыда бұл ісін ермек үшін бастаған. Сүйікті ісі кәсіп көзіне ұласып, кәсіпкер Жомарт Рақымжанов мемлекет тарапынан көмек алып, өз ісін дөңгелетіп отыр. 

Халқымыздың өмір-тіршілігінде ағаштан жасалатын бұйымдар өте кең таралған. Сонымен бірге, қазақтың тұрмыстық тұтынуындағы бүтін аспаптың түгелдерлігінің заты - ағаш.

Бүгін біз сөз еткелі отырған кейіпкер - Қармақшы ауданының тұрғыны, кәсіпкер Жомарт Рақымжанов.

Алғашқыда қызығушылықпен басталған істі бизнеске айналдырған қармақшылық кәсіпкер Жомарт Рақымжанов 2020 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік гранттар байқауына қатысты. Жобасын Ағаштан ұлттық ыдыстар, кәдесыйлар жасау өндірісі жобасы үздік атанып, қаражатқа құрал-жабдықтар сатып алды.

Кәсіпкердің сөзінше, астау сияқты ыдысты дайындап шығару оңай бола қоймады. Бәрі де қызығушылықтан басталған. Кейін бұл ермек бизнеске айналған.

«Кәсіпкерлікте ең алдымен өз ісіңді жақсы көруің керек және шеберлігіңді дамытып, оны жетілдіріп отыруың қажет», - дейді кәсіпкер.

Аз уақыт ішінде Жомарттың кәсібилігінің арқасында өнімдері сұраныс артып, өңірде танымалдылығы артты. Ендігі таңда Жомарт Рақымжанов өнім түрлерінің желісін көбейтуді жоспарлап отыр.

кармакшы1.jpg

Тағы да оқыңыз: