Kyzylorda-news.kz.  Бүгін Қармақшы ауданында Чернобыль атом электр станциясы апатына 38 жыл толуына орай тағзым ету және құрмет көрсету іс-шарасы өтті.

Іс-шараға арнайы аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы, Ауғанстан және аймақтық соғыс, Невада-Семей, Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы ардагерлері қатысты.

Тағылымы мол іс-шарада Чернобыль ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, апат зардабынан қаза болған батырлар рухына құран бағышталды. Одан соң, іс-шарада алғашқы болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары адамзат тарихындағы қуаттылығы жойқын техногендік апат салдарын жоюға қатысқан жерлестеріміздің ерлігі мен жігері, батырлықтары үшін ризашылығын білдіріп, өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, адамдарды зиянды әсерден және радиацияның одан әрі таралуынан қорғаған азаматтарға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Сондай-ақ, жауынгер ардагерлерге мерекелік медаль мен алғыс хат табыстап, радиация әсерінен қаза болған азаматтардың отбасыларына сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

Іс-шара соңында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов жылы лебізін білдірсе, аудандық Чернобыль ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Асылхан Бисембаев ардагерлер атынан ризашылығын жеткізді.

 

Тағы да оқыңыз: