Kyzylorda-news.kz. Кәсіподақ қызметі – үлкен күш. Кәсіподақтардың басты мақсаты – еңбек ұжымы арасындағы тұрақтылықты сақтау, жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы алтын көпір, қоғамның тірегі.

Қармақшы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінде 62 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Атап айтар болсақ 29 мектеп, білім бөлімі, 3 – мектептен тыс мекеме, 1 – психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 24 мемлекеттік балабақша және 4 жеке балабақша жұмыс істейді.

Кәсіподақ комитетінің жұмысы жүйелі. Оның атын шығарып жүрген жалынды жастар да бар. Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Қуатты Қазақстанның жарқын бейнесі – жігерлі жастар» тақырыбындағы Алматы қаласында өткен шығармашылық алаңға Қ.Изкенов және Н.Сайлауов барып, Н.Сайлауов облыстық «Үздік жас маман» номинациясын иеленіп қайтты.

Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лийейде «Мақсаттары бір арнаға тоғысқан білім жастары» тақырыбында аудандық жастар форумы өткізілді. Аталмыш шара көшбасшылық қасиеттері бар, бастамашыл креативті жас педагогтердің ой-пікір алмасу алаңын құру, белсенді кеңес мүшелерін ынталандыру, жас мамандарды кәсіподақ қозғалысына жұмылдыру бағытындағы бас қосу болды. Шараға аудан жас мамандары қатысып тәжірибелерімен бөлісті. Форумның ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Мәжитқызы арнайы қатысып, алғыс сөз айтса, облыстық кәсіподақ комитетінің маманы жастар жанашыры Жанар Сағындықова кәсіподақ жұмысына шолу жасап, жастарға сәттілік тіледі. Жастар 5 топқа бөлініп өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды. 

1 Наурыз – «Алғыс айту» күні мерекесінде аудандық білім бөлімі және кәсіподақ комитеті, аудандық кәсіподақ комитеті жанынан құрылған «Жас қанат» жастар кеңесінің мүшелерінің ұйымдастыруымен жылма-жыл «Шын жүректен алғыс айтамын» тақырыбында көшпелі құттықтау шарасы өткізіліп келеді. Биыл Байқоңыр қаласындағы қазақ мектептері Ақай, Төретам ауылы мектептеріне барды. Сонымен қатар барлық білім мекемелерінде де алғыс айту іс-шаралары ұйымдастырылды. Шара барысында құттықтау, марапат, лебіздер мен ақ тілектер айтылды. 

Сонымен қатар, №23 балабақша базасында, ұстаздардың шығармашылық ізденістерін арттыру, іскерлікке дағдыландыру, тәжірибе алмасу мақсатында  «Болашаққа үміт, жастарға сенім» тақырыбында аудандық мектепке дейінгі мекемелер арасындағы жастар форумы өткізілді. Форумда жас ұстаздар 4 топқа бөлініп: таныстыру, жоба қорғау, жаңа идеялар жәрмеңкесі, IQ дода сайысында өз білімдерін ортаға салды. Форум соңы марапат рәсімімен қорытындыланды. 

№250 мектеп- лицей базасында Аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай «Арулар – аяулылар, ардақтылар» мерекелік кеш өткізілді. Кеш әдеби монтажбен және №250 мектеп-лицей оқушыларының «Ана» хорымен ашылды. Мерекелік кешті аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудан ардагері Әбдірахман Құлдүйсенов аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева ашты. Мерекелік шараға мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, қонақтар, ұстаздар қатысты. Барлық қатысушыларға 8 Наурыз мерекесіне орай сыйлықтар берілді. Шара барысында биыл 70, 75, 80, 85 жасқа толған ардагер ұстаздар аудан әкімі алғысымен марапатталды және жақсы жетістікпен еңбек етіп жүрген біршама ұстаздар облыс әкімінің, аудан әкімінің және облыстық, аудандық марапаттармен марапатталды.

Мерекелік шара ұстаздардан құралған, «Жас қанат» жастар кеңесінің ұстаздарынан құралған өнерпаздардың ән-биіне ұласып, көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады.«Наурыз шапағаты» қайырымдылық акциясына сәйкес әлеуметтік жағдайы төмен қайырымдылықты қажет ететін білім қызметкерлерінің 79 отбасына аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен қайырымдылық жұмыстары ұйымдастырылды.Ағымдағы жылдың сәуір айында «Қазақтың даналық, ғибратты сөздері» атты облыстық білім саласы ардагерлердің байқауына №29 мектеп ардагері Тасымова Зарипа Жаппарқызы қатысып Алғыс хатпен марапатталды.

Аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен аудандық білім бөлімінде бастауыш кәсіподақ отырысы өткізілді. Кент орталығындағы білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподақ төрағалары аудандық білім бөліміне, Байқоңыр қаласы, Төретам, Ақай ауылы және елді-мекенде орналасқан мектептер ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн түрінде қосылды. Күн тәртібінде «Педагогикалық әдеп қағидалары» «Кәсіподақ қызметкерінің этикасы туралы Ереже» қаралды. Педагогикалық әдеп қағидалары туралы тағы бір мәрте пысықталып отырыс соңында ұсыныс пікірлер айтылып, алдағы жұмыс жоспары туралы өрбіді.

Иіркөл елді мекенінде тұратын №106 мектептің тыл ардагері С.Махамбетов және Жаңақала ауылында тұратын №185 мектептің тыл ардагері Б.Қанатқызын және кент орталығындағы №105 мектептің тыл ардагері Н.Бүркітбаева және №26 мектептің тыл ардагері Ұ.Омарова апайларымызды 9 Мамыр мерекесімен үйлеріне барып құттықтап, оларға сыйлық корзина толтырылған жеміс-жидектер мен тәттілер және ақ жаулық табысталды. Құттықтауға арнайы білім бөлімі басшысы барды.№250 мектеп-лицей базасында  аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитеті «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні» мерекесіне орай «Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кешке арнайы облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлнар Бабабекқызы келіп ауданымыздың ер –азаматтарын мерекемен құттықтады. Мерекелік кеште ауған соғысының ардагерлері: Әбутәліп Нәбиұлы №26 мектеп, Арықбаев Ахметбек, №106 мектеп, Ауған тәжік шекарасындағы соғысқа қатысқандар Қашақбаев Алтынбек, №108 мектеп, Жұмабай Мұрат, №199 мектеп және білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген ер азамат мұғалімдер марапатталды. 

Оқу жылы аяғында жыл көлемінде жақсы жетістікпен жұмыс жасап жүрген ұстаздарымыз облыстық білім басқармасы және кәсіподақ комитетінің марапатымен, аудандық білім бөлімі және білім кәсіподағаның марапатымен марапатталды. «Жас қанат» жастарының ұстаздары аудандық кәсіподақ комитенің төрағасы қабылдаунда болып облыстық кәсіподақ комитетінің марапатымен марапатталды. 1 Маусым «Балалар күні» мерекесінде аудандық орталық алаңда мерекелік шара ұйымдастырылды. 

Жазғы тынығу лагеріне Қызылорда облысының білім басқармасының «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Қармақшы ауданы білім қызметкерлерінің балалары демалды. 42 бала Шипажайларға білім қызметкерлерін жіберу жұмыстары ұйымдастырылуда.

Тағы да оқыңыз: