Kyzylorda-news.kz. Кие дарыған Қармақшы елі ежелден өнерге де, жырға да бай өлке. Ұрпағы ұлағатын ұлықтаған ұлы өлке – Қорқыт бабамыздың табанының табы қалған, ұлы өнерді алты Алашқа мұра қылған аты мәшһүр кешегі өткен сүлейлердің отаны. Жақұт жырдың құнарын құндақтаған өнер иелері аудан бойынша 15 мәдениет ошағының төңірегіне топтасқан. Атап айтқанда 1 аудандық, 1 «ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары мен 1 кенттік клуб үйі және 12 «ауылдық клуб» кәсіпорындары, 2 халық театры, 1 жылжымалы мәдени-демалыс кешені халыққа мәдени-қызмет көрсетеді.

Мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарының 8-і типтік атап айтар болсақ, аудандық мәдениет үйі,Төретам, Жаңажол, С.Бөртебайұлы атындағы клуб үйі, Ақай, Ақтөбе, Қ.Бүрлібаев атыандағы клуб үйі, ІІІ Интернационал, Қуаңдария жатады. Ал Төребай би, Алдашбай ахун, Иіркөл, Т.Көмекбаев, Қызылтам, Қармақшы ауылдық клуб үйлері бейімделген жобада салынған.
Қызылорда облысы әкімінің 2018 жылғы 23 шілдедегі №847-Ө өкіміне апатты жағдайдағы 3 клуб (Қармақшы, Төребай би, Т.Көмекбаев), арнайы ғимараты жоқ 1 клуб (Қызылтам), бейімделген ғимаратта орналасқан 2 клуб (Алдашбай ахун, Иіркөл) енген.

2019 жылы Жаңажол, Ақтөбе ауылдық мәдениет үйлері Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздығы № 413 заңының 18-1 бабына сәйкес Жаңажол ауылдық округі әкімінің шешімімен «Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жаңажол ауылдық округінің клубы», Ақтөбе ауылдық округі әкімінің шешімімен «Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» Ақтөбе ауылдық округінің клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып өзгертілсе, 2020 жылдың 20 қазанынан бастап «Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлеккеттік мекемесінің «Шәмшәт Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. 

Аудандық, кенттік, ауылдық мәдениет  үйлері  мен  клубтары КМҚК бойынша  2023 жылға бюджеттен 1 жылға жалпы 454931,0 мың теңге қаржы қаралған. «Мәдениет обьектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасына сәйкес Қуаңдария ауылындағы 100 орындық клуб құрылысына 2018 жылы 7591 мың теңгеге ЖСҚ әзірленді. 2021 жылы жалпы құны 191 661 000 теңгеге ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде «Тапсырыс беруші» деп аталатын «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен «Ахат+ГС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Шалгимбаев Мырзабай Шалманович Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылындағы 100 орындық клуб құрылысы бойынша 165 288 415,82 теңгеге шарт жасасты.

2021 жылдың 5 қазанда құрылыс жұмыстары басталып, бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары аяқталып, 2022 жылдың 17 желтоқсанда  ел игілігіне пайдалануға берілді. Қармақшы аудандық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында 2023 жылдың 6 айында 413 мәдени іс-шара, оның ішінде онлайн форматта өткізілген мәдени іс-шаралар саны – 100. Офлайн форматта өткізілген іс-шаралар саны – 313. Оның ішінде елді мекендер бойынша барлық шаралар саны – 375. Онлайн форматта өткізілген мәдени іс-шаралар саны – 92. Офлайн форматта – 283. 

2023 жылдың 6 айында 50922 көрермен тартылған. Барлық қаралым саны – 12380. Елді мекендер бойынша – 47027 көрермен, қаралым саны – 10400. Иә, тілшілік тіршілікпен мұнда ұйымдастырылған іс-шараларға біз де қанықпыз. Түрлі бағыттағы республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі байқаулар мен концерттердің куәсі болып та жүрміз. Мәселен, Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен жоғары дәрежелі ұстаз, тыл ардагері Ақбалыш Жалғасованы еске алу құрметіне орай ұйымдастырылып отырған «Ұстаз – Ана» атты облыстық ақындар мүшәйрасы өткізілді. Дүбірлі додаға аймағымыздан 27 жазба ақын қатысып, бақтарын сынады. 

Адырна ауыз, жебе тілді жүйріктер қатар шауып Ақбалыш Жалғасованың өмір жолын атқарған абыройлы да өнегелі істерін өлеңмен өрнектеп, Қармақшы елі туралы тереңнен деректер айтылды. Ауыздығымен алысқан асау аттай өлеңімен жиылған жұрттың делебесін қоздырып, қолпаштай соққан қошеметіне қарық болды. Төл өнердің қаймағын бұзбай, қалың көрерменге тарту еткен аймақтың жүйрік ақындары Қармақшылықтарға шадыман шаттық, ерекше рух сыйлады.

Жыр мүшайрасына жыршы, «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» Саймағамбетов Берік, ақын, «Қазақстан Республикасы білім лидері» Тасымова Зарипа Жаппарқызы, жырау, «Қазақстан мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Арнұр Кошенеев,  «Әлімсақ» журналының бас редакторы, «Қазақстан Журналистер Одағының» мүшесі, филиология ғылымдарының кандитаты Нұрлан Көбегенұлы, «Қазақстан Жазушылар одағының» мүшесі Мөлдір Айтбай ақындардың өнерін сарапқа салған еді. Сайыс қорытындысында жүлделі ІІІ орынды Жалағаш ауданынан Өмірзақ Дидар, Қармақшы ауданынан Мустахимов Диас, ІІ орынды Қызылорда қаласынан Айдар Сайлауов иеленсе, «Бақытжамал Сәденқызы» атындағы арнайы жүлдемен Тәңірбергенова Мөлдір, «Шәмшат Төлепова» атындағы арнайы жүлдені Жанғазы Данабек қанжығасына байлады. Ақындардан оза шапқан Қызылорда қаласының ақыны Санақұл Бексұлтанға І орын бұйырып, жыр додасының бас жүлдесін Жалағаш ауданынан Жасұлан Серік иеленді. Сондай-ақ, айтыстың барлық қатысушылары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Балалар шығармашылығына арналған ХХV «Бозторғай» конкурсының аудандық іріктеу туры болып өтті. Байқауға ауылдық клуб және мәдениет үйлерінен 150 өнерпаз қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша  вокал жанры бойынша: Мырзабек Бақдәулет (Ақтөбе ауылы), Өтепова Айсәуле (ІІІ Интернационал ауылы), Бешмағамбетова Назым (Көмекбаев ауылы), Есетов Ділдахан (Жосалы кенті), «Самғау» тобы (Ақтөбе ауылы), Идирисұлы Нұрмұхаммед (Жосалы кенті), Каналбекова Гүлдара (Көмекбаев ауылы), Қуантай Омар (Ақай ауылы), Рамазан Айбибі (Төретам кенті). Би жанры бойынша: «Ай-Назым» би тобы (Төретам кенті), Көркем сөз жанры бойынша: Сағындыққызы Айару (Қуаңдария ауылы), Әскербекқызы Ақниет (ІІІ Интернационал ауылы), Жұмағалиева Гүлсана (Алдашбай ахун ауылы), Шакизадаева Нұрбибі (Алдашбай ахун ауылы), Тәжібаева Гүлсәнім (Алдашбай ахун ауылы), Өтебай Дильназ (Қызылтам ауылы), Аманова Ақгүл (Қармақшы ауылы), Тілекешов Арсен (Төретам кенті), Халықтық орындау жанры бойынша: Райымбек Жәния (Алдашбай ахун ауылы), Таңатарова Еркеназ (Жосалы кенті), Мейрамбекұлы Нұриддин (Жосалы кенті), Тимурқызы Еркенұр (Дүр Оңғар ауылы), Серікбекқызы Нұрай (Тұрмағамбет ауылы), Әмзе Махабат (Тұрмағамбет ауылы), «Тұмар» тобы (Тұрмағамбет ауылы), Мархабатова Бақыт (Тұрмағамбет ауылы), Аспапта орындау жанры бойынша: Сәрсенбек Инабат (Жосалы кенті), Ғаби Шұғыла (Жосалы кенті), Ерланқызы Нүрерке (Жосалы кенті), Еркебұлан Інжу (Жосалы кенті), Ардақұлы Қуаныш (Жосалы кенті), Алтайұлы Шыңғыс (Жосалы кенті), Төлеуов Ілияс (Жосалы кенті), Кенжеғұл Нұрислам (Жосалы кенті), Домбырашылары тобы (Жосалы кенті), Баяншылар тобы (Жосалы кенті) облысқа жолдама алды.

2023 жылы Қармақшы ауданы бойынша мәдениет және клуб үйлерінде барлығы 100 үйірме жұмыс жасап, оған 1300 мүше тартылған. Оның ішінде 2 халықтық ұжымдарда (2 халық театры) 53 балалар үйірмесінде 779 өнерпаз, 22 жастар үйірмесіне 236 өнерпаз, 24 үлкендер үйірмесіне 289 өнерпаз қамтылды. 2022 жылдың қараша айынан бастап «Жыр күмбезі» этно рок үйірмесі жұмыс жасайды, жетекшісі М.Бағатов құрамына 6 мүше тартылған. 2023 жылдың ақпан айынан бастап ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйінде ВИА үйірмесі жұмыс жасайды, жетекшісі Т.Асылбеков, құрамына 10 мүше тартылған. 

2023 жылдың 5 айында үйірме мүшелері республикалық 6 байқаудан Бас жүлде – 1, І орын – 8, ІІІ орын – 1. «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы дала ұрпағы» атты V Республикалық байқауында «Вокал» жанры бойынша үздік өнер көрсеткені үшін Көмекбаев ауылдық клуб үйінің өнерпазы Бешмағамбетова Назым ІІІ орын иеленді.
«ТАЛАНТТАР АКАДЕМИЯСЫ.KZ» Ұлттық құндылықтарын қолдау орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында өткен «Екі дүние есігі, ер түріктің бесігі – Түркістан!» атты республикалық би байқауынан Жаңажол ауылдық клуб үйінің «DM» бишілер тобы Бас жүлде иеленді.

Республика педагогтарының ғылыми-әдістемелік және өнер-білім орталығы ұйымдастырған Республикалық «Мағжан оқулары» мәнерлеп оқу сайысына ұсынған жұмысы үздік деп танылғаны үшін Тәжібаева Гүлсәнім I орынмен, Дәуітбаева Каусар I орын, Жарқынбекқызы Шехрезат I орынмен марапатталады. Республика педагогтарының ғылыми-әдістемелік және өнер-білім орталығы «Абай оқулары» тақырыбындағы балалар шығармашылығына арналған мәнерлеп оқу байқауына қатысып, жұмысы үздік танылғаны үшін Жұмағалиева Гүлсана I орынмен марапатталады. Республика педагогтарының ғылыми-әдістемелік және өнер-білім орталығы «Әбіш оқулары» тақырыбындағы балалар шығармашылығына арналған   байқауға қатысып,  «мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша жұмысы үздік деп танылғаны үшін Қожантайқызы Альбина I орынмен марапатталады. Республика педагогтарының ғылыми-әдістемелік және өнер-білім орталығы 9 мамыр – Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған «Ұранды елдің-ұрпағы қайсар» тақырыбындағы шығармашылық байқауға қатысып, патриоттық ән номинациясы бойынша үздік деп танылғаны үшін Кендебайқызы Гүлім I орын, Дарханқызы Альбина I орын, Кендебайқызы Аманат I орынмен марапатталады. 

Халықаралық байқаудан Бас жүлде – 2, ІІ орын – 1. Оның ішінде Planeta Dance» бірлестігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткен «Танцуй всей душой» атты халықаралық би байқауынан Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Бастау» би тобы жүлделі ІІ орынды иеленді. Шымкент қаласында өткен халықаралық "DANCE FESTIVAL" хореографиялық конкурс-фестиваліне қатысқан Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған "АЙҚАРАКӨЗ" кіші би тобы конкурстың ГРАН-ПРИ, орта би тобы Вип ГРАН-ПРИ жеңіп алды. Жетекшісі Молдабаева Сания «№1 Үздік жетекші» төсбелгісімен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Облыстық  10 байқаудан Бас Жүлде – 1, І орын – 4, ІІ орын – 7, ІІІ орын – 8, алғыс хат – 9. Атап айтар болсақ, Жаңақорған ауданы, Машбек ауылында  Б.Сапарбаевтың 70 жылдығына орай өткізілген жазба ақындар мүшәйрасынан Қармақшы ауылдық клуб үйінің өнерпазы О.Құндыбеков «Алғыс хат» иеленді.

Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен жоғары дәрежелі ұстаз, тыл ардагері Ақбалыш Жалғасованы еске алу құрметіне орай  ұйымдастырылып отырған «Ұстаз – Ана » атты облыстық ақындар мүшәйрасынан аудандық мәдениет үйінің өнерпазы Мұстахимов Диас ІІІ орын, аудандық мәдениет үйінің өнерпазы Тәңірбергенова Мөлдір «Арнайы жүлдемен», Тұрмағамбет ауылдық клуб үйінің өнерпазы Мінуаров Ұлықбек «Алғыс хат», Төретам кенттік клуб үйінің өнерпазы Төлегенов Досхан «Алғыс хат», Ақжар ауылдық клуб үйінің өнерпазы Жүнісов Азамат «Алғыс хат», Иіркөл ауылдық клуб үйінің өнерпазы Есмаханова Гүлзада «Алғыс хат», Қармақшы ауылдық клуб үйінің өнерпазы Құндыбеков Орынбек «Алғыс хатпен» марапатталды.

Сыр сүлейі, шайыр Омар Шораяқұлының туғанына 145 жыл толуына орай өткізілген «Орамды ойдың – Омары» атты облыстық жас жыршылар байқауынан Алдашбай ахун ауылдық клуб үйі өнерпазы Елдес Мәди «І орын» иеленді. 
ХХV Бозторғай балалар шығармашылығына арналған облыстық байқауынан аспапта орындау жанры бойынша Жосалы кенті Алтайұлы Шыңғыс І орын, Ғаби Шұғыла ІІІ орын, «Zhastar» ансамблі (Байқоңыр қаласы) ІІІ орынмен, актерлік шеберлік жанры бойынша Әскербекқызы Ақниет (ІІІ Интернационал ауылы) ІІІ орын, халықтық орындау жанры бойынша Мархабатова Бақыт (Тұрмағамбет ауылы) ІІ орын, Тимурқызы Еркенұр (Дүр Оңғар ауылы) ІІІ орын, Райымбек Жәния (Алдашбай ахун ауылы) ІІІ орын, Мейрамбекұлы Нұриддин (Жосалы кенті), ІІІ орынмен, вокал жанры бойынша кішкентай ғана өнерпаздарымыз Қуантай Омар (Ақай ауылы) ІІ орын, Рамазан Айбибі (Төретам кенті) ІІ орынмен марапатталды.

Жаңақорған ауданында өткен «Ерлігі үлгі ұрпаққа» атты облыстық ақындар мүшәйрасынан Иіркөл ауылдық клуб үйі өнерпазы Есмаханова Гүлзада І орын иеленді.Шиелі ауданында өткен «Өмірі өнер, ғұмыры – ғибрат» атты облыстық үздік клуб қызметкерлерінің байқауынан Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйі өнерпазы М.Махамбетұлы ІІорын иеленді.Сырдария ауданы, А.Тоқмағамбетов ауылында өткен «Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасынан Иіркөл ауылдық клуб үйі өнерпазы Есмаханова Гүлзада Алғыс хат иеленді.

«Таланттар топ жарған күн» атты заманауи би байқауынан Жаңажол ауылдық клуб үйі жанындағы «ДМ» би тобы Бас жүлде иегері атанса, Ақтөбе ауылдық клуб үйі жанындағы «Серпін» би тобы ІІ орын, Иіркөл ауылдық клуб үйі жанындағы «Тұмар» би тобы ІІІ орын иеленсе, Қуаңдария ауылдық клуб үйі жанындағы «Х 2» би тобы Алғыс хатпен марапатталды. Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтің 70 жасқа толуына арналған «Туған жердің тұғыры биік тұлғасы»облыстық жазба ақындар мүшайрасынан Иіркөл ауылдық клуб үйі өнерпазы Есмаханова Гүлзада ІІ орын иелендіЖасөспірімдердің облыстық «Таңшолпан» телебайқауынан Иіркөл ауылдық клуб үйі жанынан құрылған «Тұмар» би тобы ІІорын иеленді.

Қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына және 1 шілде - Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған “Күмбірле, күміс домбыра” атты облыстық күйшілер байқауына қатысқан ІІІ ИНТЕРНАЦИОНАЛ ауылының өнерпазы Сәбитұлы Бақдаулет І орынды иеленді.

Қарап отырсақ, шығармашылық инттеллигенция, өнер ұжымы – қазақ айнасы. Тән ауырса, дәрігер емдейді. Ал жан ауырса, қоғам ауырса – оның дерті мәдениетте. Сондықтан да мәдениетімізді өрістетіп, қоғамға күш беріп, керек кезде ой салып, рухани тазаруға бастап жүрген ұжымның жұмысы өрлей берсін!

Тағы да оқыңыз: