Kyzylorda-news.kz. Музей – адамның рухани құндылықтарын дамытушы әрі бүгінгі өмірге тарих көзімен қарайтын орын, сан ғасырдың жәдігерлері сақталатын мәдени орталық. Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейі аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №704 қаулысымен «Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып құрылып, 2015 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген. 

2016 жылы қараша айында аудандық бюджеттен 18 млн. 895 мың теңге қаржы бөлініп, экспозиция жұмыстары жүргізілді. Желтоқсан айының басында экспозициялық жұмыстар толық аяқталып, 10 желтоқсан күні облыс әкімінің қатысыуымен Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейдің алғаш экспозициялық залы ашылды.2017 жылдың қаңтар айыннан бастап музейдің «Өлке тарихы» және «Тәуелсіз Қазақстан» экспозициялық залдары ашылып, келушілерге өз қызметін көрсетіп келеді. «Өлке тарихы» залында «Кіріспе», «Археология», «Этнография», «Табиғат», «Соғыс», «Өнер және мәдениет», «Спорт» атты бұрыштар бар. «Тәуелсіз Қазақстан» залында «Тәуелсіздік», «Рәміздер», «Қорқыт Ата», «Байқоныр» атты бұрыштар орналасқан. Музейдің 2 залы бар. Үлкен залында «Кіріспе», «Археология», «Этнография», «Табиғат», «Соғыс», «Өнер және мәдениет», «Спорт» атты бұрыштар бар. Кіші залында «Тәуелсіздік», «Рәміздер», «Қорқыт Ата», «Байқоныр» атты бұрыштар орналасқан.
Музей 2019 жылдан бастап «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-ның «Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалы» болып қайта құрылды. Бүгінде музейге Тимур Леденёв меңгерушілік етеді. 

Жалпы музейдің жер көлемі – 4000 шаршы метр, экспозициялық залдардың жалпы көлемі – 332,59 шаршы метр. Кәсiпорын қызметінің негізгі мақсаты: Музей жәдігерлері мен коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету, мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу функцияларды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының  тарихи-мәдени мұрасын көпшілікке таныту болып табылады. Музей қызметінің негізгі мақсаты – музей жәдігерлері мен коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету, мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын көпшілікке таныту болып табылды. 

Жылдық жұмыс жоспарға сәйкес музей қорын толықтыру мақсатында атқарылған жұмыстарына келер болсақ, музей қызметкерлері кент, ауылдық округ тұрғындарының үйлерін аралау барысында музей қорын толықтыру жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындардың үйлерін аралау барысында жалпы музей жұмысы түсіндіріліп, үгіт насихат жұмыстары жүргізіледі. Осы жұмыстар барысында археология, этнография, нумизматика, құжат, бояқ, кеуде белгілері, фотосуреттер, кітап-қолжазбалар, зергерлік бұйымдар жинақталып, музей қоры толықтырылуда. 

Жосалы кенті Қаныш Сәтпаев көшесі №9 үй тұрғыны, білім саласының ардагері Байназарова Раушан апай өз үйінде сақтап жүрген 1972-1978 жылдар аралығында шыққан Қазақ совет энциклопедиясының 12 томын, әкесі Байназаров Сәдірбайдың көне бәкісін, ағаштан жасалған көне көзілдірік қапшығын және тағы да басқа заттарды музей қорына сыйға тапсырды. 
Жосалы кенті Мұхтар Әуезов көшесі №10 үй тұрғыны Сәдуақасов Аяш  әкесі Сәдуақас ұстаның ұстаханасында сақталып тұрған ұсталық көрігі мен басқада көптеген құралдарын музей қорына сыйға тапсырды. 

Музей кіші ғылыми қызметкері Г.Өтегенова музей қорын толықтыру мақсатында Жосалы кенті тұрғындарынан экспонаттар қабылдауда. Қармақшы өңірінде Қызылқұмның қойнауында орналасқан, б.з.д ІҮ-ІІ ғасырлармен мерзімделетін, мемлекет қорғауындағы республикалық маңызы бар, көне Бәбіш-Мола қалашығынада 2004 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, біраз жайттың құпия сыры ашылып келеді.Археологиялық жұмыстардың мән-жайына тоқталар болсақ, өткен жылдың мамыр-маусым айларында айтулы экспедиция отряд басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Утебаевтың басшылығымен, құрамында Ресейдегі Москва қаласында орналасқан Мемлекеттік Шығыс музейінің аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты С.Б.Болелов, Ә.Х.Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері, доктаранттары, студенттері, Қызылорда облыстық ескерткіштерді қорғау мекемесінің қызметкерлері, жергілікті жерден Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері және жергілікті Т.Көмекбаев ауылының адамдарынан жасақталып, қазба жұмысы жүргізілген болатын. Қазба жұмыстары кезінде қалашықтың құрылыс орындарымен қатар заттай деректерде табылды. 

Қазба жұмысы барысының негізгі мақсаты – қалашықтың өмір сүрген уақытындағы адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін және сол уақыттағы өркениетті анықтау.Музей қорын толықтыру мақсатында Қармақшы ауданына қарасты Ақжар, Тұрмағамбет ауылдарына музей ғылыми қызметкерлері Е.Тоқтаров пен Ә. Бақтыбаев іс-сапарға шықты. Іс-сапар барысында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағаларымен, көнекөз қарияларымен кездесіп, музей қызметінің негізгі міндеттері туралы айта отырып, ауыл тарихына байланысты тарихи деректер туралы сұхбаттасты. Сондай ақ ауыл тұрғындарының үйлерін аралап көне жәдігерлер іздеу жұмыстарын жүрізіп, Қармақшы ауданына қарасты Тұрмағамбет ауылындағы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы атындағы «Сыр елі – жыр елі» қоғамдық  музейіне әдістемелік көмек көрсету мақсатында барды. Іс-сапар барысында Тұрмағамбет ауылының тұрғыны қоғам белсендісі, мәдениет жанашыры, ақын Зарипа Тасымовамен кездесіп музей құрылымының негіздері туралы талқылып, музей қызметінің талаптары туралы талқылап, әдістемелік көмектер көрсетілді. 

Өткен жылдың наурыз айында музейдің «Өлке тарихы» экспозициялық залындағы Вьетнам және Ауған соғысы ардагерлеріне арналған витринаға қайта реэкспозициялық жұмыстар жүргізілді. Айтулы  витринадағы Вьетнам, Ауған соғысы ардагерлері туралы мәліметтер, Тәжік-ауған соғысына, Семей ядролық сынақ полигонына және Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлер туралы мәліметтермен толықтырылып жаңадан жасақталды. Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында музейдің «Тәуелсіз Қазақстан» экспозициялық залына реэкспозициялық жұмыстар жүргізіліп, Тәуелсіз Қазақстан залының экспозициялық-көрмесі толықтай жаңартылды. 

Музейде «Ескерткіш тарих куәсі» музейлік жобасы аясында бейнетүсірілімдер ұйымдастырылып келеді. Мақсаты – Ішкі туризмді жүйелі түрде дамытып, көпшілікке жергілікті тарихи-мәдени ескерткіштерді таныстыру. Музейдің ғылыми қызметкері Ә.Бақтыбаев «Ескерткіш тарих – куәсі» музейлік жобасы аясында Қармақшы өңіріндегі ерте темір дәуіріне жататын Қабыл қорғаны туралы лекция жүргізді. Музейдің ғылыми қызметкері Ә.Бақтыбаев «Ескерткіш тарих – куәсі» музейлік жобасы аясында Сырлытам кесенесі туралы фейсбук парақшасында лекция жариялады. Лекцияда Қармақшы өңіріндегі Сырлытам туралы деректер, ешкерткіштің тарихи маңызыдылығы туралы қамтылды.

Сонымен қатар, «Сыр елі ишандары» атты тарихымызға енген әулиелердің арасындағы есімі ерекше Марал ишан баласы Қалқай ишан туралы бейнетүсірілім, «Ортағасырлық Сортөбе қалашығынан табылған керамикалық бұйымдар» атты өлкеміздегі тарихи ескерткіштен қазба жұмысы барысында табылған құнды жәдігерлер туралы бейнетүсірілім, ежелгі темір дәуіріндегі Бәбіш Мола кешеніндегі Көзешілер елді-мекені туралы бейнетүсірілім жұмыстары жүргізілді. Музейдің ғылыми қызметкері Ә.Бақтыбаев «Ескерткіш тарих – куәсі» музейлік жобасы аясында ежелгі Шірік Рабат қалашығы туралы лекция жүргізіп, ондаа Қармақшы өңіріндегі ерте темір дәуіріне жататын Шірік Рабат қалашығы туралы деректер, ешкерткіштің тарихи маңызыдылығы туралы қамтылды.

Сондай-ақ осы жоба негізінде өлкеміздегі тарихымызға енген әулиелердің арасындағы есімі ерекше Марал ишан кесенесіде мектеп оқушыларына экскурсияға жүргізілді. Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің «Игі жолды таңдаған» музейлік жобасы аясында, Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы», ұстаз Төленді Мырзабаев туралы бейнетүсірілім, көпшілік назарына ұсынылды.«Игі жолды таңдаған» музейлік жобасы аясында әзірленген 1957-1962 жылдары Жаңақорған аудандық «Екпінді» газетінің редакторы және 1963-1990 жылдар аралығында Қармақшы аудандық «Коммунизм шамшырағы» газетінде редактор қызметін зейнеттік демалысына дейін атқарған, КСРО Журналистер Одағының мүшесі Аманов Әзілханның игілікті өмір жолы туралы бейнетүсірілім бар. 

Қармақшы ауданының мәдениет саласының ардагері, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Махамбетова Үрзахия Болтайқызы туралы «Игі жолды таңдаған» музейлік жобасы аясында бейнетүсірілім, соғыс ардагері Ахметжан Жанпейісовтың  игілікті  өмір жолы туралы бейнетүсірілім, соғыс ардагері М.Досқалбаев жайында бейнетүсірілім, соғыс ардагері Е.Сексенбаевтың өмір жолы туралы бейнелекция, соғыс және еңбек ардагері Қаратай Қуаңбаевтың өмір жолы туралы онлайн лекция, еңбек ардагері Кәрімберді Жаханов жайында бейнетүсірілім, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, жазушы – фантаст Раушанбек Бектібаев жайында бейнетүсірілім жұмыстары ұйымдастырылды. 

Балалар жылы аясында еліміздің әр аумағында балалармен жұмыс жасау бойынша түрлі шаралар атқарылды. Осы аталмыш жұмыстарды жалғастыру және өлке тарихын толығымен таныстыру мақсатында Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Жас өлкетанушы» үйірмесі ашылды. Үйірмеге С.Есқараев атындағы №27 орта мектептің 8 сынып оқушылары алынды. Жоба аясында «Толғау алыбы» атанған ақын, жырау Балқы Базар Оңдасұлының 180 жылдығына орай «Жас өлкетанушы» музейлік жобасы аясында әзірленген Ү.Томанов атындағы №183 орта мектептің 8 сынып оқушысы Асылжан Назымның «Саңлақ сүлей – Базар жырау» атты бейнетүсірілімі, ақын, аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуовтың 140 жылдығына орай С.Есқараев атындағы №27 орта мектептің 9 сынып оқушысы Ерғалиева Даринаның бейнетүсірілімі мен тарихи тұлғалардың өмір жолдарымен, қоғамға тигізген еңбегін көпшілікке насихаттау, барысында Қазақтан шыққан тұңғыш прокурор Сүлеймен Есқараев туралы бейнетүсірілім жүргізілді. 

Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен этнографиялық экспонаттардан құралған «Тұрмыстық бұйым – ұлттық сананың, ұлттық бірліктің жарқын көрінісі» тақырыбында көрме өткізілді. Этнографиялық көрмеге келушілерге ұсынылған музей заттарының топтамасы қазақ халқының тұрмысы, кәсібі мен қолөнерінен сыр шертеді. Көрмеге шығарылған бұйымдар өскелең ұрпақтың төл тарихымызбен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді. Көрменің мақсаты – өткен ғасырларда өмір сүрген ата-бабамыздың асыл мұраларын насихаттап, музей қорында сақталған этнографиялық жәдігерлерді көрермен назарына ұсыну.

Музей қорындағы сурет коллекцияларынан «Сурет өнерінің ерекшелігі» тақырыбында көрме өткізілді. Көрмеге қордағы суреттер коллекциясы мен музей суретші Бекзат Жанабиловтың әр түрлі тақырыпқа орай салынған жеке туындылары орналастырылды. Тамашалауға келген мектеп оқушылары ақын, жырауларымыздың автопортреттерін қызықтай отырып, жалпы бейнелеу өнері жайында мәліметтермен қанықты. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.

Сонымен қатар, «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» тақырыбында көрме өткізіліп, көрмеге кент орталығындағы №183 мектеп және №250 мектеп-лицейінң оқушылары қатысты. Көрмеге аудан қолөнер шеберлерінің туындылары, музей қорында сақталған ағаштан және жүннен жасалған заттар қойылды. Көрменің мақсаты – қазақ халқының ұмытылып, назардан тыс қалып бара жатқан, ата-бабаларымыздың тұрмыстық жағдайда тұтынған этнографиялық жәдігерлерді халыққа түсіндіріп, кеңінен насихаттап жеткізу.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздерінің 30 жылдығына орай Тəуелсіздігіміздің басты құндылығы, негізгі нышаны Мемлекеттік рəміздер жайлы айту, насихаттау мақсатында «Ұлттық рәміз – ұлттық құндылық» тақырыбында  музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен көрме өткізілді. Көрмені аудандық су шаруашылығы  мекемесінің қызметкерлері, С.Есқараев атындағы №27 мектеп оқушылары және де басқа да музейге келушілер тамашалады. 

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне 34 жыл толуына орай Аудандық тарихи – өлкетану музейінде «Ауғанның асуында от кешкендер» атты фотокөрме өткізілді. Көрмені Аудандық оқушылар үйінің оқушылары, Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектеп оқушылары және де басқада музейге келушілер тамашалады. Көрменің мақсаты: Өскелең ұрпаққа ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру. Оқушыларға отанды қорғау жауапкершілігінің қаншалықты маңыздылығын жете түсіндіріп, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Әз Наурыз» атты музей қорындағы этнографиялық экспонаттардан көрме өткізілді. Көрмеге кент көлеміндегі мектеп оқушылары шақырылды. Этнографиялық коллекция қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін кешенді көрсетуге мүмкіндік береді және олардың көпшілігі сирек кездесетін тарихи-мәдени құндылық болып есептеледі. Сондықтан оқушыларды музей қорында сақталған көне тарихи бұйымдармен таныстыру, музейдің ең алғашқы этнографиялық түсімдері ретінде қалыптасқан экспонаттарды насихаттау сонымен қатар қазақтың Ұлы күні Наурыз мейрамы оның қазақ даласындағы орны жайлы түсінік беру көрменің негізгі мақсаты болып табылады.

Музей ауласында «Сырлы бояулар сыр шертеді» тақырыбында музей қорындағы бояқтар колекциясынан көрме өткізілді. Көрменің мақсаты ұлттық қолөнер дәстүрін кеңінен көпшілікке насихаттап, өскелең ұрпақтың санасына сіңіру.«Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар» күніне орай «Ежелден қалған асыл мұра» тақырыбында музей қорындағы археологиялық экспонаттардан көрме өткізілді. Көрме Ү.Томанов атындағы №183 орта мектептің ауласында қойылды. Қызметкерлер Сыр өңіріндегі археологиялық жəне тарихи-мəдени ескерткіштердің зерттелу тарихына тоқталып, өлкеде өркендеген археологиялық мəдениеттерге байланысты дайындалған мəліметтермен бөлісті. Сонымен қатар қазба нəтижесінде табылған жəдігерлер көрермен назарына ұсынылды.Жас суретшілер көрмесі аясында аудандық Оқушылар үйінің сурет үйірмесінің мүшелері шақырылды. Келушілер музейде ашылған көркем сурет залында орналасқан республикаға танымал суретшілер мен музей суретшісі Бекзат Жанабиловтың жеке туындыларын тамашалап, көрмеге қойылған әрбір суреттің мазмұнымен жіті танысты.

Ақын, аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуовтың 100 жылдығына арналған салтанатты жиналыстың фото суреттері қамтылған альбом, 1983 жылы мамыр айында Қармақшы ауданы орталығында Тұрмағамбет Ізтілеуовтың 100 жылдығы аталып өтіліп, іс-шара барысынан фото альбом жасалған. Бұл альбомға мерейтойға қатысушы қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, сол кездегі Қармақшы ауданының бірінші хатшысы Елеу Көшербаев, Қазақстан Республикасының халық әртісі Надежда Бурмисторова, Совет Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевтар, ауыл еңбеккерлері қамтылған. Осы альбомды сол уақыттағы партия қызметкері, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Бекпанов Тұрсынбек дайындап, сақтап, 2017 жылы Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейіне сол кездегі облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен сыйға тапсырған.

Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен музей қорындағы ХХ ғасырдың озық технологиялары туралы «Өткен күндердің заманауи жаңалығы» тақырыбында алғаш қолданыста болған тұрмыстық заттарды насихаттау мақсатында көрме өткізілді. Көрме аудандық музей фойесіне қойылып, музейге келген келушілер назарына ұсынылды. Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғымдай. Шілде айының бірінші күні Ұлттық домбыра күні. Жыл сайын атап өтілмек бұл күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі салмақты болмақ. Дала сарынын, көшпелі халықтың шежіресін шерткен көне аспап – қазақтың қасиетті құралы. Осы ұлттық мұрамызды ұлықтау мақсатында Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен аудандық Жыраулар үйінде «Нағыз қазақ домбыра» атты көрме өткізілді. 

Музейдің қор сақтаушысы Ғ.Әскербекқызы музей қорындағы экспонаттарды насихаттау мақсатында «Бір жәдігер тарихы» айдары аясында әзірлеген «Қабырға сағат» тарихы жайында бейнетүсірілімә шықты.  Музей жоспарына сәйкес «Сіз білесіз бе!» айдары бойынша Байқоңыр ғарыш айлағы туралы бейнетүсірілім жарық көрді. Мондай-ақ аудандық музей парақшасына «Сіз білесіз бе?» айдары бойынша сексеуіл құдық жөнінде бейнетүсірілім жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылды «Балалар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осы жылға орай еліміздің әр аймағында балалардың қатысуымен көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Аталмыш шараларды жалғастыру мақсатында кент орталығында орналасқан С.Есқараев атындағы №27 орта мектеп оқушылары аудандық музейге арнайы экскурсияға келді. Оқушыларға музейдің «Өлке тарихы», «Тәуелсіз Қазақстан» және көркем сурет залдары бойынша экскурсия жүргізілді.Аудан халқы үшін жақсы демалыс аймағы болып саналатын «Қазақ елі» аллеясы кенттің архитектуралық келбетіне сән қосатын айшықты нысан. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ашылған аллея кентіміз үшін маңызды нысандардың бірі. Аллеяда орналасқан қазақ тарихынан сыр шертер ескерткіштермен таныстыру мақсатында Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің оқушыларына «Қазақ елі» аллеясына танымдық экскурсия ұйымдастырды. Оқушылар экскурсия барысында тарихи-мәдени ескерткіштер туралы жан-жақты мәлімет алып, қазақ хандығы тарихымен танысты. Жосалы кентіндегі Тоғжан балабақшасының "Балдәурен" мектеп алды даярлық тобының балаларына экскурсия жүргізді. 

«Qalqan» әскери-патриоттық жобасы аясында ауданымызға келген «Ой Бренд» қоғамдық қорының мүшелері Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде экскурсияда болды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы көнеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы - қобыз жайында документалды фильм түсіру мақсатымен жүрген Продюсер Айгерім Бақыт, картина авторы және қоюшы режиссёр Ален Рахметалиев, фильмнің басты кейіпкері, танымал музыкант Саян Ақмолдаев өз шәкірттерімен аудандық тарихи - өлкетану музейінде экскурсияда болды. Музей аудиториясының сұранысына және жоспарға сәйкес музей әдіскері Ә.Әзизқызы Қармақшы аудандық музейі фейсбук парақшасында халық күйшісі Әлшекей Бектібайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Күй – тәңірдің күмбірі» тақырыбындағы лекцияны көпшілік назарына жариялады. Әнші, Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай, музей аға ғылыми қызметкері Е.Тоқтаровтың «Қазақ өнерінің саңлағы» тақырыбында бейнелекциясы Қармақшы аудандық музейі фейсбук парақшасында көпшілік назарына жарияланды. Музейдің ғылыми қызметкері Ә.Бақтыбаев «Қармақшы өңіріндегі тайпалық рулардың құрамы мен олардың қоныстануы» тақырыбында кент орталығындағы С.Есқараев атындағы №27 орта мектеп оқушыларына лекция оқыды.

Өлкеміздің бай мұрасы – жыраулық өнермен оның қазіргі қоғамдағы маңызы, мақам ерекшеліктері жайлы айту, жасөспірімдерге жеткізу музей қызыметінің негізгі міндеттеріміздің бірі болып саналады. Осы орайда, жыраулық өнерді насихаттау мақсатында Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес музей әдіскері С.Рысбаев «Сыр өңіріндегі жыраулық мақам ерекшеліктері» тақырыбында С.Есқараев атындағы №27 орта мектеп оқушыларына лекция оқыды. Ұлтымызға тән суырып салма ақындық– жыраулық, жыршы–термешілік, ақындық өнер түрлерін бойына жинақтаған  тұлғалардың бірі Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 140 жылдығына орай,  тау тұлғаның өмір жолындағы ерекшеліктері жайлы айту, жасөспірімдерге жеткізу музей қызметінің негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Осы орайда Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің экскурсаводы Б.Сахиева «Сырдың сұңғыла ақыны» тақырыбында С.Есқараев атындағы №27 орта мектеп оқушыларына лекция оқыды. 

«Өткен күннен сыр шертетін жәдігерлер» тақырыбында музей қор сақтаушысы Ғалия Әскербекқызы ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің оқушыларына лекция оқыды. Лекция барысында Қармақшы өңірінде орналасқан Ортағасырлық Сортөбе қалашығы туралы тарихи деректер айтылып, осы қалашықтан археологиялық қазба жұмыстар барысында табылған жәдігерлер көрсетілді.

Қазақстан және КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай, музей экскурсоводы Б.Сахиева Қармақшы агро-техникалық коледжінің студенттеріне «Табиғат сыйлаған дарын» атты лекция оқыды. Өлке тарихының бір бөлшегі жер су елді мекендер туралы деректер, осы тарихи деректерді ашып айту мақсатында, Қармақшы ауданына қарасты Жаңажол ауылының тарихы туралы «Жаңарған Жаңажол» тақырыбында, музей экскурсоводы Б.Сахиева Қармақшы агро-техникалық коледжінің студенттеріне лекция оқу жұмыстарын жүргізді.

Өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсерлерін тереңнен ұғындыру мақсатында, музейдің ғылыми қызметкері Ә.Бақтыбаевтың дайындаған  «Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті» атты бейнелекция фейсбук әлеуметтік жарияланып, көпшілік назарына ұсынылды.Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына «Еңбек ерлері шыққан мекен» тақырыбында лекция оқылды. Онда Қармақшы топырағында туып, өлкенің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан азаматтардың жүріп өткен өмір жолын, елеулі еңбегін және жеткен жетістіктерін мектеп оқушыларына насихатталды.Өлке тарихының бір бөлшегі бұқаралық ақпарат құралдары туралы деректер, осы тарихи деректерді ашып айту мақсатында, Қармақшы ауданына қарасты Аудандық «Қармақшы таңы» газеті 90 жылдығына байланысты «Қармақшы таңы газетінің тарихы» тақырыбында музейдің аға ғылыми қызметкері Е.Тоқтаров С.Есқараев атындағы №26 мектеп оқушыларына лекция оқу жұмыстарын жүргізді.

Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес №121 орта мектеп оқушыларына «Киелі мекен – Көмекбаев» тақырыбында лекция оқылды. Аталмыш лекция тәуелсіз еліміздің картасынан оймақтай ғана орын алатын, Кеңес Одағының батыры, даңқты жерлесіміз Тәйімбет Көмекбаевтың есімі берілген, бұрынғы «Жаңақала» қазіргі Көмекбаев ауылының тарихы туралы болды. Лекция барысында ауылдың құрылуы, қалыптасуы, алғаш адамдардың қоныстануы, дамуы, шаруашылығы жайында кеңінен мәліметтер берілді. Сонымен қатар ауылдың өркендеуі үшін өз үлестерін қосқан тұлғалардың еңбектері ерекше аталып өтілді.

Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты жарияланған Қазақстан Халқына Жолдауына байланысты Жолдауда көрсетілген жаңа саяси реформалар жайында музей қызметкерлері арасында талқылау өткізілді. Жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар түгелдей қамтылған бұл Жолдау – саяси құрылымдық өзгерістерімен есте қалатын ерекше Жолдау болды. Жолдауда тарихи тұлғаларымызға көңіл бөлініп, олардың есімдері облыс атауларына берілуі маңызды бастама болып табылады. Осы бағытта музей қызметкерлері өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.

Сырдария өзенінің төменгі ағысымен, Арал теңізі аймағындағы халықтардың этнографиясын зерттеу мақсатында аймағымызда іс-сапарда жүрген этнограф ғалымдар, тарих ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, этнограф ғалым Тәттігүл Қартаева және PhD доктор, этнограф ғалым Айнұр Бейсегуловалар Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінеде ат басын тіреп, арнайы келді. Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде осы ғалымдарымыздың келу қарсаңында жергілікті өлкетанушы, шежірешілердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес «Алаш туы астында» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылды. Танымдық сағат Жосалы кенті орталығындағы №183 орта мектебінің оқушыларына өткізілді.Алаш мұрасына байланысты тақырыптар аясында музейдің ғылыми қызметкері Ә.Бақтыбаев оқушыларға алаш қайраткерлері туралы мағұлматтар берілді.

Тағы да оқыңыз: