Kyzylorda-news.kz. Рухани байлық туралы сөз қозғағанда кітаптан асып кете алмаймыз. Әрине, кітаптың ошағы – кітапхана. Иә, кітап – асыл қазына десек, кітапхана іші қазынаға толы алтын сандық іспеттес. Кітапхана – оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, түрлі сұрақтың жауабын табуға болатын киелі орда.

Қармақшы ауданында аудан, ауыл тұрғындарына мемлекеттік жүйедегі 18 кітапхана қызмет көрсетеді. Олардың ішінде 1-еуі орталық, 1-еуі аудандық балалар кітапханасы, 1-еуі қалалық, 1-еуі кент кітапханасы, 14-і кітапхана ауылдық жерлерде орналасқан. Ақай, Дүр Оңғар, Тұрмағамбет, Төребай би, Ақтөбе, Қармақшы, Қызылтам ауылындағы кітапхана модельдік ауылдық кітапханаларға қарайды. Екі онлайн орталығы бар. Олар ІІІ Интернационал, Төретам кентінде орналасқан. Екі мультимедиялық – модельдік орталық Ақай мен Дүр Оңғар ауылында. 18 кітапханада COWORKIHG орталығы бар.

Өткен жылы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 431504 дана кітап қоры мен баспасөз басылымдарын 22536 оқырман пайдаланды. Жалпы келушілер саны – 183697. Берілген кітап саны – 408117 дананы құрады. Келіп түскен жаңа кітап саны – 4310. Шығысқа шыққаны – 3410 дана. Оқырмандар арасында 520 іс-шара өткізілді. Түрлі тақырыптарда 448 кітап көрмелері ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Жыл көлемінде кітапханалар бойынша Ұлт ұстазы, тіл білімінің атасы, ақын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 209 челлендж өткізілді. Кітапханалар бойынша 35 қызметкер жұмыс жасайды, оның 27 жоғары білімді, 8 арнаулы орта білімді. 

Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың туының тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де осы кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі – осы кітаптар. Рухани білім мен мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «кітап» деген құдіреттен тапты. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Қазіргі уақытта еліміздегі басты рухани құндылықтарды айқындайтын, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін, сонымен қатар ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасы кітапхана саласына да көптеген жаңа міндеттер артты және кітапхана жұмысының көкжиегін кеңейтті.

Кітапхананың негізгі міндеті – Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту, отаншылдық пен төзімділіктің үйлесімді үндестігін тәрбиелеу, кітапхананың ақпараттық-библиографиялық және электронды пайдаланушыларының ұйымдастыру жүйесін тұрақты жолға қою, кітапхана беделін талапқа сай көтеру.Аудан тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруда жас ұрпаққа кітапханалық қызмет көрсетіп, оқырмандар қызығушылығы мен сұранысын анықтау мақсатында мониторингтер өткізді. Сонымен қатар оларға ақпараттық қамтамасыз етудің, жан-жақты және қолайлы қызмет көрсетудің жаңа жолдарын іздестіріп, балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік, психологиялық көмек көрсету қызметінің аясын кеңейтіп келеді. Жан-жақты мәдени білім беру және тілдерді үйрету арқылы балалар мен жасөспірімдерді әлемдік мәдени құндылықтарға тарту жұмыстарын жүргізіп келеді.

Мемлекеттік көпшілік кітапханалар жүйесі бойынша Қармақшы ауданының 54 мыңнан аса халқына әртүрлі жүйедегі 48 кітапхана қызмет көрсетеді. Ақпаратты-библиографиялық қызмет көрсету мақсатында әр түрлі анықтамалық басылымдар, библиографиялық көрсеткіштер, жинақталған. Газет, журнал басылымдарын өңдейді. Пайдаланушылар үшін қажетті әрбір ақпаратты қарап отырады, жаңа ақпараттық технология көмегімен дәстүрлі және РАБИС бағдарламасына баспасөз бағдарламасындағы мақалаларды енгізеді, анықтама – библиографиялық қызмет көрсетеді. Оқырмандар құрамына сан-алуан және барлық санаттағы пайдаланушылар кіреді. Орталықтандырылған жүйе кітапханаларының ақпараттық-ағарту, көпшілікке тарату, және коммуникативтік қызметтің негізгі бағыттары – кітапхана оқырмандарына сапалы жаңа жүйедегі ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету. Интернет желісін оқырман игілігіне айналдыру. 

Кітапханалық-ақпараттық автоматтандыру процесі, жаңа технология негізінде ақпараттық ресурс құру. Кітапхананың, кітапханашының жағымды бейнелерін қалыптастыру, ақпараттық қоғамда оның мәртебесі мен маңызын арттыру. Кітапханаларда ақпараттық және анықтама библиографиялық жұмыстар еліміздегі ірі саяси-экономикалық, мәдени саладағы өзгерістерге байланысты толығып жан-жақты жүргізілуде. Кітапхана – библиографиялық білім оқырмандар арасында кеңіненнасихатталуда. Кітапханашылар оқырмандар арасында библиографиялық ақпараттық бағытта жұмыс істей отырып, олардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда. Жүйе кітапханаларындағы анықтама- библиографиялық әдебиеттердің қоры 9221 дана оның ішінде библиографиялық көрсеткіштері - 6658 дана. Кітапханалар оқырмандардың ақпараттық қажеттілігін анықтаушы,  мәдениетті өркендетуші орталық. Жүйе бойынша 54 каталог, оның ішінде 27 атаулы, 6 жүйелік 1 қызмет көрсету каталогтары арқылы оқырман сұранысы қанағаттандырылады.

Жыл басынын бері каталогтар редакциялануда. Аудан кітапханалары оқырмандардың әртүрлі тақырыптағы сұраныстарын орындаумен шектеліп қана қоймай тәрбиесі, берері мол мәдени-көпшілік шаралар жүргізді. Кітапханалардағы өткізілетін шаралардың түрлеріне библиографиялық шолулар, әр түрлі кештер, кездесулер, кітап талдаулары, конференциялар, кітап беташарлары, пікір алмасулар, брейн-рингтерді жатқызуға болады. Тартымды кездесулер, әдеби-сазды кештерге, кездесулерге, сценарийлер жазды. Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты барлық кітапханаларда оқырмандар арасында кітапханалық-библиографиялық бөлімді насихаттау мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Ақай ауылдық кітапханасында «Латын әліпбиі – келешектің бағдары» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Кітапханаларда «Қазақстан 2050», «Жаңа жолдау – жаңа талап», «2022 – Балалар жылы», «Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына» атты картатекалар ұйымдастырылды. Балалар кітапханасында мемлекет қайраткері С.Есқараевтың 125 жылдығына «Алғашқы прокурор», Кент кітапханасында «Танысыңыздар, жаңа кітап!», Аудандық кітапханада Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына «Ұлт жанашыры» атты библиографиялық шолулар ұйымдастырылды.

Кітапхана библиографиялық қызметі оқырмандарға кітапхана жаңалығын жеткізумен құрметті. Әрқашан жаңа басылымды күткен оқырман олармен «Жаңа әдебиеттер» хабарлама бюллетені арқылы таныса алады. Кітапханада жүргізілген жұмыстар жөнінде ауданымыздың айнасы «Қармақшы таңы» және «Бәйтерек» газетінде 27 мақала жарық көрді. Орталық кітапхана интернет желісіне қосылған. Кітапхананың электронды поштасы bibliotekakarm@mail.ru. Кітапханашылар интернет арқылы оқырмандардың сұраныстарын орындауда. 2022 жылы барлық кітапханаларда «COWORKING» орталығы ашылып, оқырмандарға қызмет көрсетуде.

16 кітапхана интернет желісіне қосылған. 16 кітапханада электронды пошта бар. Қазіргі заманға сай орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапхана жұмысының басты бағыты оқырмандарға қызмет көрсету сапасымен айқындалады. Кітапхананың ең жақсы жарнамасы – ол оқырман. Оқырман кітапханада кітапханашыға шығармашылық шабыт беріп, жұмыстың жаңа түрлерін табуға үнемі ізденісте болуға жетелейді.Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі кітапханаларында оқырмандардың қызығушылық танытып, құмартып кітап қарайтын орны белгіленген және арнайы тақырыптар бойынша көз тартатындай көркем безендірілген,терең мазмұнды кең көлемді кітап көрмелері. Білімнің асыл нәрі жинақталған кітап оқырмандарды алыс асқарларға жетелеп, өмірлік мұра сыйлайды. 

Кітапханалар осы бағытта өз жұмыстарын одан әрі жүргізе береді. Білімнің асыл нәрі жинақталған кітап оқырмандарды алыс асқарларға жетелеп, өмірлік мұра сыйлайды. Кітапханалар осы бағытта өз жұмыстарын одан әрі жүргізе береді. Орталық кітапхана karmakshy-kitap.kz веб-сайтымен жұмыс жүргізді. Кітапхана өз жұмысында мобильді технологияларды кеңінен қолдануда.

Президент Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев Қазақстан халқына ауқымы кең, мазмұны бөлек, мән-маңызы айрықша жолдауын жариялады. Аудан, ауыл кітапханаларында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы», «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауларын қолдау, насихаттау мақсатында жұмыстар жүргізілді. Жолдауды насихаттау барысында кітап көрмелері ұйымдастырылып, пікірталас, талқылау, дөңгелек үстелдер өткізілді.Аудандық кітапханада Жаңа жолдау - жаңа Қазақстанды ілгерілетудің бірден бір негізі" атты дөңгелек үстел өтті. Кітапханашылар арасында жолдау талқыланып, Жаңа Қазақстан жолы, түрлі оқиғалардан кейін жаңа трансформациялардан өтіп, жаңа бастамаларға жол ашуына сенімдіміз.Ақай ауылдық кітапханасында "Жаңа Қазақстан:жаңару мен жаңғыру жолы" атты Президентіміз Қ.Тоқаевтың жолдауын мәдениет қызметкерлері талқылап өз ойларын дөңгелек үстелде айтып өтті. Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақ бейнесі. Біз Тәуелсіздік жылдарында небір қиындықтан аман өттік. Енді елімізді түбегейлі жаңғыртуға кірістік. Жаңа Қазақстан жолы, әрбір азаматтың конституциялық құқығы мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ететініне сенімдіміз.

«Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағынаның кепілі» деп Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ел Президенті биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған орай кітапханаларда балаларға көңіл бөлу, оларды кітап оқуға шақыру, ынталандыру, қызықтыру мақсатында түрлі іс-шара өткізілді. Қармақшы аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында кітапханада «Буккросинг» өткізілді. Буккросинг – кітап құмарлар аймағы. Сонымен қатар, қозғалыс мүлдем бейтаныс адамдарға ортақ тіл табуға мүмкіндік береді. Кітаптарды достарыңызбен бөлісу – табиғатымызға тән қасиет.Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Парасат жолы" бұрышында "Жаңылтпаштан жаңылма!" тақырыбында сайыс өтті. Жас оқырмандарымыз өте жылдам, әрі белсенді түрде қатысты. Сайыс соңында еркін тақырыпта жұмбақ жасырып, ой пікірлерімен бөлісті. Мақсаты – оқырмандарды әдеби кітаптар окуға баулу, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шараға қатысушылар саны – 11.

Қармақшы ауылдық кітапханасының  оқырмандары  арасында ең көп кітап оқыған оқырмандар мен "Кітапхана мақтаныштары " атты оқырман бенефисі болып өтті. Мақсаты – балалардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру. Шараға 9 оқушы қатысты.Қармақшы аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Наурызға шашу» атты «2022 жыл – Балалар жылының» ашылу салтанаты өтті. Қармақшы аудандық балалар кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырып, балаларға шараға келген қонақтар балалар кітапханасының кітапханашысы М.Бөгенбаева таныстырды.

Көрмеге қазақ халық ертегілері, балалар әдебиеті жылы, әлем балалар әдебиеті, балалар энциклопедиясы, және қытай халық ертегілер сериясымен басылып шыққан кітаптары және де «Қылқалам» сурет үйірме мүшелерінің салған суреттері қойылды. 
Қармақшы аудандық балалар кітапханасында «Балалар жылына» орай "Біз бақытты баламыз" атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға №30, №250, №105 мектептің оқушылары, жалпы 26 оқырман қатысты. 1 маусым күні Қармақшы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне "Балалар бақыты-ел бақыты" атты ертеңгілік болып өтті. Ертеңгілікке 15 оқушы қатысты. Балалар би билеп, ойын ойнап, кештен жақсы әсер алды. 

ІІІ Интернационал ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Балалық шақтың жарқын беттері" тақырыбында, танымдық ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Іс-шара барысында, кітапханаға келген балалар өзара жұмбақтар, мақал-мәтелдер айтып, бір-бірлеріне викториналық сұрақтар қойып жарысты. Жеңімпаз атанғандарға дәптер, қаламсаптар сыйлыққа берілді. Қармақшы ауылдық кітапханасы "Ертегімен есейеміз" жобасы аясында кітапхана оқырмандарының назарына "Балта ботқасы" ертегісінен көрініс көрсетілді. Төребай би ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Журнал беттеріне саяхат» атты мектеп оқушыларымен кітапханалық саяхат болып өтті. Оқушылар журналдар оқып, бір-бірімен талдап, қызықты өткізді.Адамзат алдында тұрған ұлы мұрат міндеттердің ең бастысы – салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу болса жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, кітапхана тарапынан өткізіліп жататын іс-шаралар жетерлік. Балаларды кітап оқуға шақыру және жаз мезгіліндегі бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында кітапханалар бойынша «Жаз кітаппен» жобасы жұмыс жасайды. 

Ашық аспан аясында кітапхананың кішкентай оқырмандармен бірге кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында "Біз кітаппен біргеміз" тақырыбында кітап оқу-әдеби отырысы өткізілді. 12 оқушы қатысып, бірге кітап оқып, оқыған кітаптарын талқылады.Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен оқырмандармен кездесу сағаты өтті. Мақсаты – оқырмандарды мағыналы демалыспен қамту, олардың ой-өрісін кеңейту, табиғатты құрметтеуге үйрету, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылады. Кітап оқып қана қоймай, сергіту сәті ретінде ойын ойнап, қызықты видео түсірілді. Оған 8 оқушы қатысты.

"Шексіз кітапхана" жобасы аясында кент кітапханасының кітапханашылары "Аңсаған" мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі орталығына барып, балаларға әдеби кітаптар, журналдар апарып таныстырылды. Мақсаты – балалардың қоғаммен араласуына талпындыру, кітапқа, оны оқуға  қызықтыру. «Дәметкен ана» оңалту орталығы мүмкіндігі шектеулі балаларға Балалар кітапханасының қызметкерлері кітап апарды. Кітапты әлі оқи алмайтын және оқуды енді үйреніп жүрген балаларға кітаптың көркем безендірілген әрбір парағын балалармен бірге оқып, бірге таңдап өскелең ұрпақты өз елі мен тарихын салт-дәстүрін, осы ертегі кітаптардан тануға болады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға аялы алақанын тосып,жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.

«Дәметкен ана» оңалту орталығы мүмкіндігі шектеулі балаларға «Ит неліктен ырылдайды» атты қуыршақ театрының қойылымын қойды. Театрландырылған қойылымдарға қатысу баланың жеке басындағы жасырын таланттарды ашады, шығармашылық әлеуетін оятады, зейінін, есте сақтау қабілетін дамытады. Балалар театры қиялды дамытуға, сөйлеу мәдениеті мен мінез-құлық дағдыларын жетілдіруге қолайлы шығармашылық орта жасайды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.Өлкеміздің ақын-жазушыларының, жыршы-жырауларының өлең-жырларын жас ұрпаққа насихаттап, еліне, жеріне сүйіспеншілігін арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар атқарылды.Тұрмағамбет ауылдық модельді кітапхана Жиенбай жырау үйірмесімен жетекшісі Д.Тоқсанбаев бірлесіп, "Сырдың сырбаз ақыны" атты танымдық сағат өткізді. Кешке ақынның ұрпағы Еркін Разақов қатысып, шөбересі Қарақат Разақова "Жастарға өсиет", Арай Оңғарқызы "Апама"өлеңін терме мақаммен орындап берсе, кітапхананың белсенді оқырманы Шұғыла Ноян "Жыраулық жолды ұстаңдар" атты өлеңін мәнерлеп оқыды. танымдық сағатқа -12 оқушы қатысты.

Қармақшы аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ақын Зейнолла Шүкіровтің 95 жыл толуына орай «Сырдан шыққан алып жан» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Кештің мақсаты – жас оқырмандарға Зейнолла Шүкіровтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Кешке 19 оқушы қатысты.Төребай би ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ауылым деп соққан жүрегі» атты ауыл азаматы Бүркіт Қалдашбаев Төлегенұлымен кездесу кеші болып өтті. Аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөліміне аудандық өрт сөндіру қызметкерлері кітапханадағы жаңа кітап көрмесімен танысуға келді. «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбымен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған және даңқты Сыр сүлейлерінің жыр күмбезін көкке көтерген Тұрмағамбет Ізтілеуовтің 140 жылдығына, шайырдың мұраларын насихаттауға арналған кітап көрмелерімен танысты. Көмекбаев ауылдық кітапханасында ақын, аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуовтың 140 жылдығына арналған "Тұрмағамбетке тағзым" атты портрет кеші өтті. Оқырмандар ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесімен, өмір деректері мен таныс болды. Бұл кешке облыстық, республикалық дәстүрлі ән байқауларының лауреаты Әли Машарап үйірмесінің жетекшісі, педагог, әнші-жыршы Ақсұңқар Бүркітбай қатысты. Шәкірттері Зухра Жалаладин, Нұрайымақын Ғалымқызының "Тәлім" термесін орындаса, Айдана Аймұратова мен Гүлсезім Рахметуллаева ақын өлеңдерін оқыды. Кешке 11 оқырман қатысты. 

Сыр елінің дүлдүл ақыны – Тұрмағамбет Ізтілеуовтың 140 жылдығына орай ақын атамыздың жаухар жырларын насихаттау мақсатында Қалалық кітапханада "Қазақ тілі" қоғамы аудандық филиалымен А.Жанпейісов атындағы №105 мектеппен бірлесіп «Аралап жердің жүзін жүрер сөзім» атты көркемсөз оқу байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – сыр сүлейі, ақын атамыздың өлең-жырларын дәріптеп, насихаттау. Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені Нұргүл Сейітбекқызы иеленді.
Ақай ауылдық кітапханасында Т.Ізтілеуовтің 140 жылдығына орай "Назым сөздің шебері" атты әдеби кеш болып өтті. Кештің мақсаты – оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Ақындық, жыршылық дәстүрді қадірлеп, құрметтеуге үйрету. Кешке 8 оқушы қатысты. 

Алдашбай ахун ауылдық кітапханасында "Өшпес жырдың дүлділі" тақырыбында әдеби сағат болып өтті. Халқы қадірлеп бағалаған жыр жампозының өмірі мен шығармашылғы жайында кітапханашы таныстырылым жасады. Ақын шығармашылығы елінің елдігімен және өмірдегі шындықпен бірге адамгершілігі мол жас ұрпақ тәрбиелеуде таптырмас өнеге,үлгі болып қала бермек!Қызылтам ауылдық модельді кітапханасында оқырмандарға "Назым сөздің шебері Тұрмағамбет" атты кітап көрмесімен таныстырылып, жалғасы Тұрмағамбет өлеңдерінен әдеби марафонға ұласты. Оқушылар ақын өлеңдерін мінерлеп оқып, 6 оқушы қатысты. Қызылтам ауылдық модельді кітапханасында "Мен оқыған кітап" атты  әдеби марафон оқуы өткізілді. Оқырмандар өздерінің оқыған кітаптарын насихаттады. Тастемірова Айым Тұрмағамбет Ізтілеуовтің нақыл сөздері мен өлеңдерін жатқа айтты. Мұратбек Дидар, Ерахмет Нұрай, Әшірбек Сымбат, Ғалымжанұлы Дидар, Белесқызы Маржан өздерінің "Атамұра" баспасынан шыққан кітаптар бойынша насихаттады.

Қармақшы аудандық балалар кітапханасында қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, ағартушы түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы сондай-ақ, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылығы, “Қазақ тіл білімінің мәселелері” атты кітабы, еңбектері қойылды. А.Байтұрсынұлы туралы белгілі ақын-жазушылардың айшықты ойларымен, дәйек сөздермен толықтырылды.Кент кітапханасы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен О.Шораяқұлы атындағы 30 мектептің 7-8 сынып оқушылары мен ұстаздары кітапханаға келіп, биылғы жылдың мерейтой иелеріне арналған кітап көрмелерімен, жаңадан келген әдебиеттермен және қазақы нақыштағы "COWORKING" орталығымен танысты. Байтұрсынұлының өмірімен шығармашылығына "Ұлттың ұлы ұстазы" атты кітап көрмесімен танысып, балалар ақынның өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды, балаларды кітап оқуға шақырды.

Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлық – індет, оны жою міндет!" атты тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты – қоғамдағы мәселе яғни сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оған қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұматтар беру, профилактикалық жұмыстар жүргізу. Қатысушылар саны – 7.Қармақшы ауылдық кітапханасында ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай "Қазақ поэзиясының алыбы" атты поэзия марафоны болып өтті. Ақын өлеңдерін кітапхана оқырмандары Бекболатқызы Толғанай "Поэзия", Аманова Ақгүл "Ана сен бақыттысың", Тілеубергенова Диана "Жапырақ жүрек жас қайың", Темір Жансұлтан "Үш бақытым" өлеңдерін нақышына келтіре оқып, кітапхана оқырмандары ақын кітаптарынан жырларын оқыды.

Аудандық кітапханада өлкеміздің халықтық дәстүрінде сақталған ауыз әдебиеті жауһарларын таныстыратын жоба аясында «Батырды ұлықтау – тарихымызды ұмытпау» атты байқау болып өтті. Байқауда Текей батырдың жырларын жатқа мәнерлеп айтты. Байқаудың мақсаты – ұмыт бола бастаған батырлар жырын, қисса-дастандарын, арнауларын жаттауға өскелең ұрпақты машықтандыру. Байқауда 17 оқушы бақ сынады. Байқаудың жеңімпаздарын қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы анықтап жеңімпаз болған 1 оқушы, облыстық байқауға жолдама алды.

Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының қолдауымен «Теміржол» бастауыш ұйымының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты –Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл ардагерлерінің ерлігі мен батырлығын дәріптеу. Байқауға 9 оқушы, жалпы 20 оқырман қатысты.Аудандық кітапханада Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Алаш қозғалысының рухани көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынов» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы болып өтті. 

Байқаудың мақсаты – Ұлт ұстазы, ақын, аудармашы, А.Байтұрсыновтың шығармалары арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу, талантты жастарды ынталандырып, әдеби шеберлікке баулу, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру, адамгершілікке, қарапайымдылыққа, өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге баулу. Байқауға 23 талапкер қатысты, байқауға төрелік жасаған Қаратаева Райкүл ардагер ұстаз, Раева Гүлжауhар «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы, Әлиаскаров Нүркен Аудандық мәдениет үйінің қызметкері. Байқауға 21 оқушы қатысып, қортындысы бойынша Ақжар ауылдық кітапханасының оқырманы Сәбитова Асылзат бас жүлдеге иеленді.Қазақстан Республикасының Тілдер күні және "Бір ел – бір кітап" акциясы аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай оқырмандар арасында "Жыл кітабы – 2022" атты көркемсөз оқу байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпаққа ана тілінің қасиетін, оған деген сүйіспеншілігін, құрметі арттыру, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру, ақын шығармаларын насихаттау. 18 кітапханадан 22 оқырман қатысып, бас жүлдені ІІІ Интернационал ауылдық кітапхана оқырманы иеленді. 

Иіркөл ауылдық кітапханада "Бір ел – бір кітап" акциясы аясында Ахмет Байтұрсыновтың 150жылдығына орай мысалдарынан кітапхана оқырмандар арасында мәнерлеп оқу өткізілді.Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен “Ұлттың ұлы ұстазы” атты әдеби кеш болып өтті. Кешке А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің 8 А сынып оқушылары қатысты. Кеш барысында ақынның өлеңдері жатқа айтылды, “Өгіз бен бақа” мысалынан көрініс қойылып, баяндама оқылды. Шара соңында кешке белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.Шежіре күніне орай Көмекбаев ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Шежіре сыр шертеді" атты кітапханалық сағат өтті. Жолай руынан тараған ағайындылар ауылдың қарт ақсақалы Шамшатов Серікбай мен қарағандылық жеке кәсіпкер Жәметов Нұрмаханбет Тұрманұлы келешек ұрпаққа өз руларының шежіресінен мағлұмат берді. Ұлыстың Ұлы күніне орай аудандық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен қызметкерлердің қатысумен қазақтың салт-дәстүрінен көрініс көрсетілді. Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған салт-дәстүрлердің барлығының жөн-жосығы, тәрбиелік, эстетикалық мәні бар. Бұл орайда бастаңғы да қалыс қалмақ емес. Наурыз мейрамына орай «Бастаңғы» дәстүрін оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері көрініс арқылы көрсетті.

Аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен ұстаз, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Дастан Мырзабекұлы Нәзікбаевтың "Ойтүрткі", "Қырғауылдың қайғысы" кітаптарының тұсау кесері өтті. №27 мектептің 7сынып оқушылары Дастан Мырзабекұлының өлеңдерін жатқа айтты.Кент кітапханасында кітапхана қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығы бірлесе отырып, аты аңызға айналған қазақтың қаһарман қыздары Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова мен қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына орай, олардың өмірін, ерліктерін, қайсарлықтарын көрсету, үлгі ету мақсатында "Қазақтың батыр қыздары" атты ерлік сағаты өткізіліп, кітап көрмесімен таныстырылды. Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 31 мамыр  Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай "Қасіретті жылдар жаңғырығы" атты еске алу кеші болып өтті. Еске алу кешіне "Рүстембек жырау" үйірмесінің жетекшісі Бедебаев Балтабай және №28 мектеп оқушылары қатысты.

Ана тілді қадірлеп ұстайтын ұлттың болашағы жарқын. Себебі, тіл қай елде, жерде болмасын ең қасиетті де қастерлі. Тіл – әрбір тәуелсіз елдің мақтанышы, абыройы. Ол атадан балаға сақталатын киелі мұра. Тіл – баға жетпес қазына. Тілдері күніне орай оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен "Тіл мерейі - ел мерейі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ақжар ауылдық кітапханасында "Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры" тақырыбында іс шара болып өтті. Іс- шарада "Мың бір мақал мен жүз бір жұмбақ" атты топтар арасында байқау ұйымдастырылды. "Тіл - әр ұлттың ең асыл қазынасы" атты кітап көрмесі жасалып, оқырмандарға таныстырылды. 

М.Әуезовтің 125 жылдығына Қуаңдария ауылдық кітапханасының тұрақты оқырмандарының қатысуымен "Әлем таныған Әуезов" атты кеш өткізілді. Кешке 4-сынып оқушылар қатысып, жазушының өмірін, шығармаларымен танысты. Қармақшы аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Ақжар ауылдық кітапханасында «Ауылдық кітапхана. Жаңа кезең – жаңа жұмыс түрлері» атты кітапханашылардың кезекті зерделі кеңесі өтті. Зерделі кеңестің мақсаты – Ақжар ауылдық кітапханасының жұмысымен танысу, кітапханашылар бір-бірімен тәжірибе алмасу. Зерделі кеңес барысында «Кітапхана – мақтанышым, кітапханашы – мамандығым» атты жас кітапханашылар арасында байқау өтті. Байқауда 6 кітапханашы бақ сынасып, 5-бөлім бойынша өз өнерлерін көрсетті. Байқау нәтижесінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі Досмағанбетова Қалдыгүл Жалауқызы және қызметкері Саймбетова Айгүл Әбжәмиқызы, Ақжар ауылының әкімі Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызының төрелігімен 1орынды Ақжар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ақмарал Сағатқызы, 2 орынды Балалар кітапханасының кітапханашысы Меруерт Талғатқызы, 3 орынды оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ұлжан Ғалымбекқызы иеленсе, Балалар кітапханасының кітапханашысы Жаңагүл Жеңісбекқызы, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жазықбаева Мөлдір, кент кітапханасының кітапханашысы Демеуова Лаура Нұртайқызы Алғыс хаттармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің "Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің кезекті "Рухани қазына – 2022" республикалық фестиваліне "Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана қызметкері" номинациясы бойынша, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Аудандық кітапхананың бөлім меңгерушісі Лайла Сыздықова қатысты. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай шығармаларын насихаттау мақсатында «Жыл кітабы – 2022» атты облыстық байқауға Ақжар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ақмарал Амиралиева қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

Қармақшы ауданына қарасты Қуаңдария елді мекені тұрғындарының қуанышында шек жоқ.Себебі халыққа қызмет ететін жаңа клуб үйі ашылды. Ашылу салтанатына Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов, аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев, мәслихат хатшысы Ә.Қошалақов, Қармақшы аудандық кітапханасының директоры Г.Қаниева, ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, мекемелер басшылары қатысып, тұрғындарды қуаныштарымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізіп, лентасы қиылды. Жаңа ғимаратта 100 орындыққа шақталған көрермен залы, компьютерлер, тағы басқа кітапхана оқырман залы, кітаптарға арналған сөрелер, столдар мен орындықтар пайдалануға берілді.

Қазіргі заман талабына сай пайдаланушылардың қажеттіліктерін, сұраныстарын қанағаттандыру, әрбір кітапхананың имиджін, артықшылығын көтеру, кітапхананың қызметі жайлы мәліметтерді көпшілікке жеткізу, тарату мақсатындағы жарнама, міне осының барлығы кітапханалық маркетинг қызметінің қажеттілігін айқындап берді.Кітапхана ісін жарнамалау мақсатында әлеуметтік желілерде болатын іс-шаралар туралы хабарламалар,атқарылған іс-шаралар туралы мәліметтер күн сайын жарияланып отырады. Кітапханаларда 35 маман қызмет атқарады, оның ішінде 31 жоғары білімді, 4 арнаулы орта білімді. Мемлекеттік қызметкерлерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында 8 кітапханашы білім көтеру сатысынан өтті. Олар: АЖұбанова, А.Қарашаева, А.Сайлыбаева, Д.Рсалдиева, Г.Сығайбаева, Р.Тұрманова, М.Айтуарова, Г.Қыпшақбаева. Аудандық кітапханада 41, 5 штат бірлігімен 46 қызметкерлер жұмыс істесе, оның 35 кітапханашы мамандар. Оның жоғары білімдісі – 27, арнаулы орта білімдісі – 8. Орталық кітапхана аудандық тарихи-өлкетану музейінің бірінші қабатында орналасқан. Кітапханаларда компьютер саны 37, ақпараттық қажеттіліктер үшін аудандық орталық кітапхана интернет жүйесіне қосылып, «COWORKING» орталығында қажетті компьютерлер қойылып, оқырмандарға интернет жүйесі арқылы қызмет көрсетілуде. Кітапханаларды озық технология үлгілерімен қамтамасыз ету мақсатында кітапхана-библиографиялық процестерді автоматтандыру жұмысына сәйкес РАБИС бағдарламасымен жұмыс жүргізілуде. Жеті ауылдық модельдік кітапхана бар. 18 кітапханада «COWORKING» орталығы жұмыс жасап тұр. 

Қоғамды ақпараттандыру процесінде үлкен рольге ие кітапхана саласында пайда болған электронды каталогтар және ақпарат алмасу құралдары даму үстінде. Аудан бойынша электронды каталогқа 65450 кітап атауы сипаттамасы 164429 дана кітап және 25573 статья енгізілді. 16 кітапхана интернет жүйесіне қосылған. Аудан, ауыл кітапханаларында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын қолдау және насихаттау жұмыстары атқарылуда. Кітапханашыларға өздері тұратын өңірде, көпшілік орындарда, мектепте, оқырмандар арасында Жолдау жайында насихат жұмыстарын жүргізіп, кітапханада бұрыштар, Жолдауға қатысты жинақ папкаларын, көрмелер ұйымдастыруды.

Кітапханаларда Президентіміздің Жолдауын насихаттау барысында кітап көрмелері ұйымдастырылып, пікірталас, талқылаулар, тақырыптық сағаттар, дөңгелек үстелдер өткізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында ҚР ҰЭК қорын электронды басылымдармен толықтыру, сандық форматқа көшіру жұмыстарын жалғастыру тапсырылған болатын, осыған орай 543 кітап 128914 бет сандық нұсқаға көшірілді. Оның ішінде қазақ тілінде 471 кітап 108103 бет сандық нұсқаға көшірілді. Жыл көлемінде кітапханаларда әр-түрлі тақырыптарда 520 кітап көрмелері, 448 мәдени-көпшілік шаралар, библиографиялық шолулар, дөңгелек үстелдер, оқырман конференциялары, тақырыптық кештер, әдебиеттер апталығы, ертеңгіліктер, әдеби әуендік кештер, жыр кештері, ой толғаулары ұйымдастырылды.

Тағы да оқыңыз: