Kyzylorda-news.kz. «Қызылорда Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС-ның Қармақшы ауданы бойынша өз жұмысын 1998 жылдан бері жасап келеді. Сол кезде орталыққа дәрігер Бисенова Күланда, одан кейін дәрігер Үмітжан Сариева, медбике Аида Жеткергенова мен Дариха Құлмырзаевалар еңбек етеді.
Орталықта түрлі салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар мен денсаулық мектебі жұмыс істейді. Денсаулық мектебінде күн сайын сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін 7 түрлі тақырыпта кеңестер беріледі. Атап айтар болсақ, «Дене белсенділігі – салауатты өмір салтының негізі», дұрыс тамақтану, темекі шегудің алдын алу, алкоголь ішімдіктерін тұтынуғак жол бермеу, жеке гигиенаны сақтау, күйзелікстің алдын алу және күйзеліске төзімділік дағдыларын қалыптастыру, қарым-қатынас жасау дағдылары бойынша жұмыс жүргізеді.
Жыл басынан бері мұнда түрлі іс-шалар, кездесу мен семинар, акциялар тұрақты түрде ұйымдастыруда. А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыбында кездесу өткізілсе, Қармақшы аудандық емханасында «Жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу», О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінде «Отбасы құндылықтары», ІІІ Интернационал ауылындағы №108 орта мектебінде «Зорлық-зомбылықтың алдын алу, күйзелістің алдын алу», Ү.Томанов атындағы №30 орта мектебінде «Отбасы құндылықтары», « Қатерлі ісіктің алдын алу», «Зиянды әдеттердің алдын алу» семинары ұйымдастырды. Сонымен қатар, Тұрмағамбет Ізтілеуов атындағы №29 орта мектебінде «Спорт – денсаулық кепілі», «Спорт – көркі өмірдің» Төребай би ауылындағы №199 орта мектебінде «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында спорттық сайыстар өткізілді. Ә.Егізбаев атындағы №121 орта мектебі «Отбасы құндылықтары», «Мектеп оқушысының тамақтануы» тақырыбында акциялар өтті.
Ш. Уәлиханов атындағы №26 орта мектебі «Репродуктивті және психикалық денсаулық», «Зиянды әдеттердің алдын алу» Ш. Уәлиханов атындағы №26 орта мектебі «Ұлт болам десең – бесігіңді түзе!» С.Есқараев атындағы №27 орта мектебі «Салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі» Ә.Егізбаев атындағы №121 орта мектебі «Дұрыс тамақтану, жеке бастың гигиенасы» семинары өтті. Сонымен қатар, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі «Зиянды әдеттердің алдын алу», «Отбасы құндылықтары», «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында кездесулер өткізілсе, Қармақшы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі «Психикалық денсаулықты сақтау», «Мен өмір таңдаймын!», «Дене белсенділігі, дұрыс тамақтану» семинары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі «Құқықбұзушылықтың алдын алу», «Отбасы құндылықтары», «Нашақорлықтың алдын алу», Ү.Томанов атындағы №183 орта мектебі «Құқықбұзушылық және жасөспірім», «Нашақорлықтың алдын алу», О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі «Біз туберкулезді жеңе аламыз!» кездесулері өтті. Ал Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде «Біз – спортпен біргеміз», «Спорт – біздің досымыз!» спорттық сайыстары жүргізілді.
Қармақшы ауданы бойынша Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған «Жақсы әдеттер марафоны» ұлттық бағдарламасының аясында іс-шаралар өткізілді. Айталық, О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінде бастауыш сынып оқушылары арасында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында таза ауада дене жаттығуларын жасаумен «Жаппай дене шынықтыру минуттары» өтті. Шара барысында «Шаттық шеңбері» ойыны ойнатылды.
Көмекбаев ауылындағы №185-орта мектепте оқушылар арасында «Жақсы әдеттер марафоны!» тақырыбында спорттық ойындар өткізілді. Мектеп мейіргері шараға қатысушылардың дене қызуын алдын-ала өлшеп,бақылаудан өткізді. Бір уақытта барлық балалар таза ауада дене жаттығуларын жасап, асфальт бетіне тақырып бойынша сурет салды. Ақтөбе ауылдық №109-орта мектебінде «Жақсы әдеттер марафоны» тақырыбында «Мен және менің табиғатым» атты сурет салу конкурсы өтті. Сондай-ақ, таза ауада «Көңілді музыкалық ойындар» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Қармақшы аудандық емханасы алдында медицина қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты «Зиянды әдеттердің алдын ал!» тақырыбында таза ауада спорттық шара ұйымдастырылды. Бұл шараны мекеме басшысы Б.С.Нысанбаев ашып, спорттық сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Медицина саласының ардагерлері, медицина қызметкерлері қатысқан бұл шара жас ерекшелігіне байланысты өз денсаулықтарына жауапкерлікпен қарауды,дене белсенділігімен айналысуды насихаттады. Қатысушылар қашықтыққа секіруден,үстел теннисінен, футбол, тоғызқұмалақ ойыны және волейбол ойнаудан бақ сынасты. Жеңімпаздар «Алғыс хаттармен» және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде «Балдырған» күндізгі тынығу лагерінде оқушылар арасында «Біз есірткіге қарсымыз!» тақырыбында таза ауада флешмоб өткізілді. Шарада ЖДО, СӨСҚ мамандары зиянды әдеттердің алдын алу, тиімді тамақтану, дене белсенділігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көмекбаев ауылындағы №185-орта мектепте оқушылар арасында «Есіркіден аулақ бол!» тақырыбында флешмоб өткізілді.. Сонымен қатар, «Зиянды әдеттердің алдын ал» тақырыбында сурет салып, көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар, Ә.Егізбаев атындағы №121 орта мектебінде «Балдәурен» күндізгі тынығу лагерінде оқушылар арасында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында таза ауада флешмоб өткізілді. Шарада ЖДО, СӨСҚ мамандары зиянды әдеттердің алдын алу, тиімді тамақтану, дене белсенділігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде «Балдырған» күндізгі тынығу лагерінде оқушылар арасында «Біз есірткіге қарсымыз!» тақырыбында cурет сайысы өткізілді. Шарада ЖДО, СӨСҚ мамандары денсаулық, денсаулыққа зиян келтіретін темекі, ішімдік, есірткі тұтынудың алдан алу, тиімді тамақтану, дене белсенділігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ү.Томанов атындағы №183 орта мектебінде 7 сынып оқушылар арасында «Есірткіге ЖОҚ-де!» тақырыбында таза ауада флешмоб өткізілді. Шарада ЖДО, СӨСҚ мамандары зиянды әдеттердің алдын алу, тиімді тамақтану, дене белсенділігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінде «Балдәурен» күндізгі тынығу лагерінде тынығушылар арасында «Біз есірткіге қарсымыз!» тақырыбында флешмоб өткізілді. Лагерь тынығушылары флешмобқа белсене қатысып, марафонға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, «Нашақорлықтың алдын ал» тақырыбында сурет салып, көрме ұйымдастырды. Ү.Томанов атындағы №183 орта мектебінде «Берік отбасы – есірткіден алыс!» тақырыбында облыстық отбасылық сайысы өткізілді. Шараға 4 отбасы қатысып, дене белсенділігімен айналысу, бос уақытты тиімді пайдалану, сурет салу, жетістіктері атты 4 бөлімнен тұратын сайыста Мырзашевтар отбасы бірінші орынды иеленді. Ә.Егізбаев атындағы №121 орта мектебінде ата-аналар арасында «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінде «Жас толқын» аулалық клубы мүшелері арасында «Біз есірткіге қарсымыз!» тақырыбында футболдан спорттық сайыс өткізілді. Кездесу нәтижесі бойынша «Былғары доп» командасы жеңіске жетіп, «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Жосалы кентінде орталық алаңда Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Жастар – нашақорлыққа қарсы» тақырыбында акция өткізілді. Оған ЖДО, СӨСҚ мамандары есірткінің, ішімдіктің, темекінің зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, АТМ таратты. Сонымен қатар, орталық алаңдағы LED экраннан нашақорлықтың алдын алу туралы видеороликтер көрсетілді.