Kyzylorda-news.kz. Қоғамда өмір сүріп жатқан әрбір адам міндетті түрде мемлекеттік қызметтермен тығыз байланыс жасайды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету – бұл мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі. Заман ілгерілегелі жұрт жаңа технологияның тілін меңгеруге әлдеқашан көшкен. Себебі көштен қалмау – уақыт талабы. Бүгінде елімізде халыққа көрсетілетін қызметтің басым бөлігі цифрландырылған. Яғни қызмет алушылардың уақытын үнемдеу, қағазбастылықты жою мақсатында электронды көрсетілетін қызметтерді көбейтіп, кейбір мемлекеттік қызметтерді біріктіру немесе мүлдем алып тастау арқылы олардың санын азайту бағытында жұмыстар жүзгізілуде.
Аудандағы Халыққа қызмет көрсету орталығы – тұрғындарға үздіксіз қызмет түрлерін ұсынып отырған еңселі мекемелердің бірі. Бүгінде қоғамның ақпараттық жаһандану кезеңінде талапқа сай жаңашаланып, қызмет алудың жаңа форматын ұсынып отырған Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету саласының көшбасшысына айналып отыр. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызмет түрлері жаңашаланып, барынша сұратылатын құжаттар тізімін азайтып, электронды құжаттар негізінде қызмет көрсету бағытын ұстанған. Халыққа қызмет көрсету орталығында жаңғырту жұмыстарын жүргізудің басты көрінісі – мұнда операциялық залдардың аумағы кеңейтілген. Сонымен қатар тосқауылсыз қызмет көрсету үлгісі де енгізілген. Техникалық құрал-жабдықтар, компьютерлер мен жиһаздар заманауи үлгіге жаңартылып, операциялық залдарда дайын құжаттарды беру, күту орындары, e.gov.kz ақпараттық жүйесі, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы, азаматтарға ыңғайлы сезіну үшін барынша жағдай жасалған.
«Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамын электронды түрде алуға мүмкіндік бар. Тұрғындар бұрынғыдай халыққа қызмет көрсету орталығына барып, уақыт өткізбей-ақ қажетті қызметтерге қол жеткізе алады. Өткен жылдағы пандемия осы қызметтің оңтайлылығын халыққа үйретті. Осы орайда бүгінде электронды цифрлық қолтаңба алуға тапсырыс берушілердің қатары едәуір артты. Мұнан бөлек, TelegramBot, EgovKzbot2.0 қосымшасы арқылы – 33 мемлекеттік қызмет, eGov mobile қосымшасы бойынша – 123 мемлекеттік қызмет, үшінші тұлға арқылы анықтама алу – 21 қызмет, ал бір реттік құпия сөз арқылы – 120-дан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді», – дейді аудандағы халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінің басшысы Ерлан Оспанов.
Аудандағы орталықтың реттеу залында қызмет алушы азаматтарға сапалы әрі жылдам қызмет көрсету үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында» 6 жұмыс орны, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсету үшін 1 орын, құжаттарды қабылдау секторында 4 орын, дайын құжаттарды тарату бойынша 1 орын, басқа да қызмет түрлеріне 4 орын қарастырылған. Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімінің «Халыққа қызмет көрсету» бойынша 2023 жылдың 4 айында атқарылған жұмыстарға келсек, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сай есепті мерзімде 80 қызмет бойынша 4750 өтініш қабылданып, 5508 құжат азаматтарға табысталды.
Дайын құжатты соңынан бере отырып, құжаттар топтамасын қалыптастыру қызметтерін көрсету 100 % пайызға орындалған. Халыққа қызмет көрсету саласының имиджін көтеру бағытында аудан тұрғындарының «Электронды Үкімет» порталын пайдаланудағы сауаттылығын арттыру және «Соnnection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторының жұмысын жоғары деңгейге көтеру үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.
2023 жылдың 4 айында «Электрондық Үкімет порталының» арқылы Электрондық сандық қолтаңба 1737 азаматқа берілген. Сондай-ақ осы мерзім ішінде «Соnnection point» арқылы 54347 қызмет алынған және Электрондық сандық қолтаңбаларын пайдалануды үйрете отырып, бірқатар электронды түрде анықтамаларды өздері алуларына жұмыстар тұрақты жүргізіліп, 59200 азаматқа кеңес берілді. Жыл басынан бері 1414-Бірыңғай байланыс орталығы арқылы түскен 126 өтініш бойынша құжат уақытылы қабылданып, тиісінше 128 құжат орындалып иелеріне табысталған.Халыққа қызмет көрсету ЫАЖ арқылы көлік құралдарын тіркеу саласы бойынша 221 құжат қабылданған, Каспи қосымшасы арқылы 260 құжат, электронды үкімет веб порталы арқылы 26 құжат қабылданды
«Халыққа қызмет көрсету орталығы әрбір азаматтың уақытын үнемдеуді көздеп, қызметті жылдам әрі тиімді көрсетуде. Халыққа сапалы, мәдениетті қызмет көрсету біздің басты міндетіміз. Алдағы уақытта әрбір адам өзіне қажетті құжатты үйден шықпай, кезек күтпей-ақ алатын болады. Біз электронды қызмет алуды әр келушіге насихаттап, түсіндірудеміз. Ол жұмыстар нәтижесін беруде. Бұдан кейін де заман талабына сай электронды қызмет түрінің ауқымы кеңейе түспек», – дейді бөлім басшысы.
Алдағы уақытта бөлімде сапалы қызмет көрсету мақсатында тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарыла бермек.