Kyzylorda-news.kz «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы «Жасыл аймақ» апталығымен жалғасуда. Бұл  экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға,  қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарды артыруды  көздеген науқан аясында әкімдік қызметкерлері  мен аудан тұрғындарын белсенді болуға шақырды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Қармақшы ауданында орналасқан саябақтар, скверлер, парктер мен аллеялар аумағын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. 

Бүгін аталған акция аясында Жосалы кентіндегі «Жеңіс» саябағында аудан ардагерлері мен белсенді жастар және мәдениет саласының қызметкерлерінің қатысуымен 100 түп ағаш отырғызылды. 

Акция барысында аудан ардагерлері Президент тапсырмасымен бастау алған экологиялық акцияның қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлесі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар акция аясында ауданның барлық аумағында санитарлық-тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары әрі қарай да жалғасуда.

 

 

71a7df0d-3470-42d7-8857-3489ec7b795c.jpg

Тағы да оқыңыз: