Kyzylorda-news.kz. Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан бұл тұрғыдағы атқарылар жұмыстарды жандандыру аса маңызды. Есесіне мемлекетіміздің атын әлемдік ареналарда асқақтатып, көк байрағымызды биіктетіп жүрген жампоздарымыз да баршылық. Десе де, әрбір тәрбие ең бірінші туған топырақ, отбасынан басталатыны белгілі.

Бұл ретте, әртүрлі санаттағы топтар арасында жастардың мәдени-спорттық белсенділігін арттыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру, демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналған «Жастар спартакиадасы» өтті. Басымдылық NEET санатындағы жастарға беріліп, «Жастар спартакиадасын» ұйымдастыруда спорттың бірнеше түрлерінен кіші футбол, үстел тенисі, дартс, гір тасын көтеру, арқан тарту түрінен Аудандық Іріктеу туры жүргізілуде. Бұған дейін ауылды елді мекендерде де спорттық шаралар ұйымдастырылып, бірнеше түрінен сайыс өткізілген болатын.

Бұл мәселені жас топтары тұрғысынан қарастыру орташа тенденцияларға қатысты кейбір айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ заманауи жастардың бос уақытын зерттеу жастардың денсаулығын немесе құндылық бағдарларын арттыруға жағдайлар қарастырылды. Дегенмен, бос уақытты өткізу ерекшеліктері жастарға үлкен әсер етті.
Аталмыш бағыттағы шаралар Қоғамдық даму басқармасының бастамасымен және Қармақшы жастар ресурстық орталықтарының сүймелдеуімен ұйымдастырылып, ал спорттық іріктеу турларға «JASTAR дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткізілді. 

Жеңіске жеткен жүлделі командалар (І-орын) және жеке ойын бойынша жүлделі орын иегерлері (І,ІІ-орын) облыстық кезеңге жолдама алып, облыс орталығында 2023 жылдың 10 тамызында өтетін облыстық додада бақ сынасады.

Тағы да оқыңыз: