Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жастар буыны десек болады. Олардың білімге, ғылымға, жаңашылдыққа және тың идеяларға ұмтылысы елдің өркендеуіне себепші болады. Осы орайда бүгін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаевтың қатысуымен аудандық жастар форумы өтті.

Форумда сөз алған аудан әкімінің орынбасары мемлекеттің тұрақты дамуының негізі, қозғаушы күші – бәсекеге қабілетті жастар. Елдің ертеңгі егесі, ұлттың болашағы, мемлекеттің арқа сүйер тірегі жастарды қолдау – ел ертеңі мен ұлт тағдырына қатысты басым бағыттардың бірі екендігін айтып, жастарды мемлекеттік бағдарламалар бойынша жастар тәжірибесі мен қоғамдық және маусымдық жұмыстарға тарту, шағын гранттарға, кәсіпкерлік бағыты бойынша қайтарымсыз гранттарға қатыстыру тұрғысынан ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтіп, қашанда ел сенімін ақтап, тәуелсіздігіміз бен болашағымызды баянды ету жолындағы жастар бастамасына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар ауданымыздағы жастар саясатының жүзеге асуына аянбай тер-төгіп, бар күш-жігерімен еңбек етіп жүрген жастарды облыс әкімінің орынбасары және қоғамдық даму басқармасы мен аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттап, жастар арасында әр сала бойынша қызмет жасаған жыл үздіктеріне, арнайы номинациялар табыстады.

Сондай-ақ іс-шара барысында мемлекеттен қайтарымсыз несие алып, өз кәсіптерін кеңейтіп отырған бірқатар жас кәсіпкерлер тауарларының көрмесі ұйымдастырылып, көрермен назарына ұсынылды.
 

316218836_2224781271026100_9175437132907797635_n.jpg

316196564_2224781567692737_3327812649860302704_n.jpg

316235810_2224781371026090_682522342842785686_n.jpg

316129065_2224781694359391_471765441074063312_n.jpg

Тағы да оқыңыз: