Kyzylorda-news.kz. Жаздың басталуына да аз уақыт қалды. Жаз – демалыс маусымы. Дәл осы уақытта балалар мектепті бітіреді, ата-аналар еңбек демалысына шығады. Бұл – бойды да, ойды да жазып, сергитін шақ. Қалағаныңызша қыдыруға, жеміс-жидек пен көкөністі тояттап жеуге, күнге қыздырынуға болады. Ал суға түсу жайлы әңгіме тіптен бөлек.
Жаз басталса көкжиектен күн шыға салысымен өзен-көлді жағалап, салқын суға шомылуды жөн көреміз. Өзімізді жайлы сезіну үшін шомылып тұру керек-ақ. Енді Қармақшы ауданында жаз маусымын қарай шомылатын жағалау жасалынбақ. Енді аудан тұрғындары шомылу үшін қала асып кетпейтін болады.
Жуырда Қармақшы аудан әкімі Жандос Еркінбек тиісті аудан әкімінің орынбасары Айдын Әнуар мен аудандық қоғамдық даму бөлімінің басышысы Нұрлыбек Сайымов пен бірқатар сала басшыларымен бірге Жосалы кентінде жаңадан салынатын жағалау орнын көріп, құрылыс жұмыстарының жоспарымен танысты. Жазғы демалыс аймағы Сырдария өзенінің жағалауында орналаспақ.
Аудан әкімі ауданымыздың экожүйесін сақтай отырып, тұрғындардың демалуы үшін неғұрлым ыңғайлы әрі тартымды орта жасаудың маңыздылығына тоқталып, осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына және кент әкіміне жұмыстарды мерзімінде және сапалы етіп жасауды тапсырды.
