Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ардагерлер мен аудандық маслихат депутаттары аудан әкімінің орынбасары Біржан Далабайұлы жетекшілік ететін жұмысшы топпен бірге түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында кафелер, дүкендер, компьютерлік клубтар, аллеялар және көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен қараңғы қуыс көшелер араланып, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруге тыйым салынатындығы жайлы ескертілді. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында Қармақшы ауданындағы №121 орта мектебінің қызметкерлері, аудан әкімінің орынбасары Б.Далабаев, аудандық білім бөлімі қызметкерлері С.Мұратов пен А. Кенжебаева, аудандық ардагерлер ұйымы ақсақалдары Е.Назарқұлов, аудан орталығындағы мектеп ұстаздары, ата-аналар және де АІІБ қызметкерлерімен бірлесе кешкі және түнгі уақытта «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік шаралар ұйымдастырды.
Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу, балалар және жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс орындарда болу фактілерін анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Рейдтер мектеп маңындағы компьютерлік клубтарға, кафелерге, «Ардагерлер аллеясы», Құлмұратов көшесі бойында орналасқан ойын алаңдарында, «Дүр Оңғар», «К.Рүстембеков» атындағы жыраулар үйі алаңқайларына, Қорқыт ата, Е.Көшербаев, Амангелді, Б.Момышұлы , Т.Рұсқұлов, Ә.Егізбаев көшелері, мектеп микроауданы бойында орналасқан көшелерді жан-жақты аралау шаралары ұйымдастырылды. Рейд жүргізу барысында ешқандай кәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталаған жоқ және тәртіп бұзушылық болған жоқ. Тек кәмелетке толған үлкен жастағы бір-топ ер жігіттерді байқап, қасына жақындап мектеп оқушылары жоқ екендігін анықтадық дейді мамандар.
Сонымен қатар, Қармақшы ауданындағы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің кезекші мұғалімдері мен сынып жетекшілері, ата-аналары және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, ҚР заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүруінің алдын алу мақсатында түнгі рейдке шықты.
