Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында жастар арасында құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу жұмыстары қатаң бақылауға алынып, рейд жұмыстары қарқынды жүруде.

Бүгін аудандық жұмысшы топ өкілдері жастардың көптеп бас қосатын ойын-сауық орталықтары мен компьютер клубтары, кафелер және көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы мен қараңғы көшелерді аралады.

Рейд барысында түнгі мезгілде қоғамдық орындар мен көшелерде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталған жоқ.

Тағы да оқыңыз: