Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында қоғамдық қауіпсіздік жағдайы мен оны тұрақтандыру бойынша атқарылған шаралар туралы 2023 жылдың І тоқсанының есеп беру жиыны өтті.
Өткен жылы аудан көлемінде тіркелген қылмыстар саны – 23,1%-ке, оның ішінде – ауыр және аса ауыр қылмыстар 100%, мал ұрлығы 78,6%, тонау 100%, бұзақылық 33,3%, ұрлық 32,6%, алаяқтықтың саны 16,0%, төмендесе, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 18,2%, мас күйінде жасалған қылмыстар 40,0%, топтасып жасалған қылмыстар 11,1%, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 100,0%-ке азайып, ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу пайызы 69,2%-ке жақсарған.
Ағымдағы жылдың І тоқсан қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 48,7 пайызға төмендеген. Оның ішінде, ауыр қылмыстар: мал ұрлығы, алаяқтық қылмыстар интернет алаяқтық, есірткі қылмыстары төмендеген. Қоғамдық орында , көшеде жасалған қылмыстар кеміген.
Ауданда қылмыстылық деңгейінің оң динамикасы байқалады. Мысалы, соңғы 5 жылда қылмыстар саны 65 пайызға азайған. (2018 жылы – 285, 2019 жылы – 227, 2020 жылы – 159, 2021 жылы – 130, 2022 жылы – 100).
«Полиция қызметі көпсалалы болғандықтан, өзекті бағыттарға тоқталсақ, ауылдық жерлерде мал ұрлығымен күрес мәселесі әлі де өзекті. Жоспарға сәйкес «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізудеміз, қабылданған шаралардың нәтижесінде былтыр жыл көлемінде 3 мал ұрлығы қылмысы орын алса, биылғы жылдың есепті мерзімінде (2023 жылдың 3 айында) бірде-бір мал ұрлығы қылмыстары тіркелген жоқ. Былтырғы жылы осы мерзімде 2 мал ұрлығы дерегі орын алған еді. Сонымен қатар былтыр Ветеринария қызметімен бірлесіп, тиісті құжатсыз мал тасымалдаған 15 жүргізушіге, ал биылғы жылы 2 жүргізушіге (ӘҚБтК 406-бабы «Ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу») шара көрілді», – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Бақытбек Жарқынбаев.
Қазіргі таңда, өсім алып тұрған қылмыстардың бірі – интернет алаяқтық. Бөлімнің криминалды полиция қызметкерлері халық көп жиналатын жерлерде брашюлар таратумен қатар әлеуметтік желілерде бірнеше рет бейнероликтер арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан тұрғындар алаяқтарға алданып қалуда.
Атап айтқанда, 2022 жылы интернет-алаяқтықтың 11 дерегі тіркеліп, 2-і ашылды. Қандай жағдай болмасын банктің немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерімін деп ұсынған алаяқтардың нұсқауларын орындамаған абзал. Жеке деректеріңізді хабарламай, күмәнді сілтемеге өтпеуді ескеру керек. Мемлекет басшысының соңғы жолдауы аясында Республикамызда нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы қабылдануда. Есірткі алқаптары егілетін жер телімдерінің басым бөлігі ауыл әкімдіктеріне қарасты. Бүгінде далалық жерлердегі жер телімдерін қадағалап, бақылауда ұстап, ауыл әкімдерін учаскелік полиция инспекторларымен бірге жұмыс атқарылуда.
Өткен жылы (1 маусым - 30 қазан аралығында) есірткінің заңсыз айналымымен күрес бағытында Республика көлемінде «Қарасора-2022» кең ауқымды жедел профилактикалық шарасы өткізілді. Рейд барысында, 13 есірткі қылмыстары анықталды. Ал, 2023 жылдың 3 айында есірткіге қатысты құқық бұзушылықтың 2 дерегі анықталып отыр. Жалпы нашақорлықтың профилактикасы және есірткінің заңсыз айналымына қарсы тұру мәселесі ерекше бақылауда.
Мемлекет басшысы - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайтынын атап өтіп, алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. 2022 жылы жанұя жанжалын шығарған 78 (2021 жылы – 70) тұлғаға әкімшілік кодекстің 73-бабымен шара көріліп, 13 (2021 жылы – 9) құқық бұзушының мінез құлқына ерекше талап орнатылды, яғни алкоголь өнімін қолдануға, қару алып жүруге не сақтауға тыйым салынды. Отбасы тиранынан, жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 82 (2021 жылы – 63) қорғау нұсқама шығарылды.
2023 жылдың есепті мерзімінде жанұя жанжалын шығарған 12 тұлғаға әкімшілік кодекстің 73-бабымен шара көріліп, 3 құқық бұзушының мінез құлқына ерекше талап орнатылды. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 20 қорғау нұсқама шығарылды. Ауданда 20 УПИ, 5 көмекші, 7 ЮПИ, 1 әйелдер зорлық-зомбылығының алдын алу инспекторлары қызмет атқарады. Тиісті рейдтік шаралар жүргізіліп, заңмен белгіленбеген мерзімде алкоголь өнімін сатқан 5 дүкен иелеріне (91 182 теңге айыппұл салынды) шара көрілді.
Қылмыстарды болдырмау мақсатында «Тұрмыс» (3 рет), «Қадағалау» (2 рет), «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» (2 рет), «Квадрат» (11 рет) профилактикалық шаралары ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы (19.01.2022ж. Үкімі) 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осы орайда, кәмелетке толмағандар мен маргиналды жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында «Бала және отбасы», «Түнгі қаладағы балалар» (2 рет), «Демалыс» (2 рет), «Мен және менің полицейім», «Абайлаңыз балалар» профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылып, күнделікті аудан әкімдігі, білім бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, «Жасөспірім», «Түнгі қала», «Квадрат» рейдтік жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 2022 жылы ауданымызда кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың бірде-бір дерегі тіркелген жоқ. Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған 1 қылмыс (жол-көлік оқиғасы) тіркелді.
2023 жылдың 3 айында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 100 пайызға, оларға қарсы жасалған қылмыстар 200 пайызға көбейген. Былтырғы жылы профилактикалық жұмыстар барысында, 341 құқық бұзушылық анықталып, қаңғыбастыққа салынған 1 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Сонымен қатар, өз міндеттерін орындамаған 19 ата-анаға әкімшілік хаттама рәсімделді.
Рейдтік шаралар нәтижесінде, кәмелетке толмағанның түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 8 (2021ж-5)- кәсіпкерге (ӘҚБтК 132-б. - 10 АЕК- 30 630 тг. немесе 15 АЕК- 45 945 тг.), әкімшілік хаттамалар толтырылды. Құқық бұзушылық жасағаны үшін 9 (тізімдік-2, профилактикалық-7) жасөспірім және өзінің міндеттерін орындамаған 4 (2021ж-12) ата-ана полицияның есебіне алынды. Ал, 2023 жылдың есепті мерзімінде 85 құқық бұзушылық анықталып, құқық бұзушылық жасағаны үшін 7 (тізімдік-3, профилактикалық-4) жасөспірім және өзінің міндеттерін орындамаған 7 ата-ана полицияның есебіне алынды. Кәмелет жасқа толмағандармен жұмыс әлі де жалғасуда.
Аудандағы келесі өзекті мәселенің бірі - жол көлік оқиғалары. 2022 жылдың 12-айында аудан көлемінде 29 (2021 жылы – 23) жол-көлік оқиғасы орын алып, жол апатының салдарынан 43 (2021 жылы – 27) адам дене жарақаттарын алып, 14 (2021 жылы – 7) адам қайтыс болды. Орын алған 29 жол-көлік оқиғаларының 17-і республикалық маңызы бар тас жолдарда, 7-еуі кент орталығында және 5-еуі елді-мекендерге баратын тас жолдарда орын алған.
Мақсатты шаралар атқарылу нәтижесінде жол көлік оқиғасының алдын алуда тікелей әсер ететін 59 өрескел құқық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, көлік құралын масаң күйде басқарудың 51 дерегі, көлік құралын жүргізуші куәлігінен айырыла тұра көлік басқарған 8 азаматқа (612 бап 3-бөлігімен) тиісті шаралар көрілді. 2023 жылдың есепті мерзімінде 4 жол-көлік оқиғалары орын алып, 4 адам дене жарақаттарын алды. 2 адам қайтыс болды. ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы бойынша 5 азаматқа әкімшілік шаралар көрілді. Жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында, тұрақты түрде жедел профилактикалық іс-шаралары жүргізілуде. «Қауіпсіз жол» (4 рет), «Автобус» (3 рет), «Заңсыз жолаушы тасымалдаушы» (2 рет), «Құқық тәртіп» (3 рет), жедел профилактикалық шаралары мен «Абайлаңыз, балалар» (3 рет) және «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді.
Мемлекет басшысы ауқымды реформаларды бастады. Полиция қызметі сервистік модельге көшуде. Сервистік полиция - қылмыспен күресте полициямен бірге мүдделі органдармен проблемаларды бірлесіп шешу болып табылады. Осы жылдан бастап, барлық өңірлерде полиция қызметін сервистік тәсілге көшіру басталды. Сервистік модельге көшу аясында полиция қызметі жаңа форматқа көшіп жатыр.
2022 жылы бөлімнің тергеу-жедел бөлімшелерінің кабинеттеріне барлығы 16 бейнебақылау камералары орнатылды.
