Kyzylorda-news.kz  Тіл жанашырлары «Қазақ тілі» қоғамы Қармақшы аудандық филиалы. Қармақшы аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Қармақшы аудандық кәсіпкерлік өнеркәсіп бөлімі өкілдерінен тұратын арнайы топ көрнекті ақпарат өнімдерінің «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талабына сәйкестігіне кезекті рейд жасап, мониторинг жүргізді. Мониторинг Төретам кентінде орталық көшелерде орналасқан шағын және орта бизнес субьектілері қамтылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты тұрғындарға мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл заңнамасы талаптарының сақталуы, сапалы қызмет көрсету, және көрнекті ақпарат мәтіндерде қателерді болдырмау болып табылды.

Мониторинг барысында орын алған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыным-хаттар табысталып, көрнекті ақпарат пен жарнама өнімдерін тіл заңнамасы талабына сәйкес рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кейбір сауда орнының маңдайшадағы жазуы өшіп, түсіп қалған. Бұл бойынша меншік иелеріне хабарланды.

Батыр бабамыз Б.Момышұлының «Тіл тазалығы үшін күрес – ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес» деген сөзі қашанда әр қазақтың жадында тұруы тиіс. Тіл тазалығын, заңдылығын сақтау бойынша алдағы уақытта да жүргізіледі. Басталған іс өз нәтижесін берсін. Тілге құрмет жасау баршамыздың міндетіміз екенін ұмытпайық.

 

Тағы да оқыңыз: