Kyzylorda-news.kz  «Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Сенбіде Қармақшыда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында санитарлық-тазалық жұмыстары барлық кент, ауылдық округ аумағында жалғасты.

Сенбілік жұмыстарына бір кісідей қатысқан барлық мекеме қызметкерлері өздеріне бөлінген аймақтардағы көшелер мен жол жиектерін, арықтар мен әлеуметтік нысандардың айналасын күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Тазалық жұмыстарына 14 елді мекеннен 120 мекеме қызметкерлері жұмылдырылып, барлығы 1230 адам және 16 техника қатысып, 9,3 тонна күл – қоқыспен, тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылды.

Табиғат тазалығы – халық саулығы екенін ескерсек, айнала қоршаған ортамызды, табиғатты таза ұстау – баршамыздың азаматтық парызымыз. Тазалығымен ерекшеленген қандайда бір көрініс жанға жылу берері анық. Осы ретте, аудан тұрғындары айналамызды, өз аумағымызды таза ұстап, туған жерімізді көркейту-көгалдандыру жұмыстарына немқұрайлы қарамаса екен дейміз. Туған өлкенің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық.

a4329edb-bbab-4da6-877a-56b16c23ffd6.jpg

Тағы да оқыңыз: