Kyzylorda-news.kz. Жақында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Еркін Назарқұлов бұқаралық ақпарат өкілдеріне брифинг өткізді. Онда аудан бойынша шомылуға тыйым салынған аймақтарда 31 қауіпсіздік белгісі мен 12 билборд орнатылғанын мәлімдеді.

Сонымен бірге ол қауіпсіздік ережелерін сақтамайтын адамдардың саны артып, кей жағдайда тіпті қайғылы жағдаймен аяқталып жатқанын айтты. Жыл басынан бері Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласындағы су айдындарында 6 оқиға тіркеліп, 7 адам қаза тапқан. Оның ішінде 2-еуі бала.

Шомылу маусымы кезінде аудан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтер мен патрульдер ұйымдастырылып, ауданның су айдындарында 120 рет рейд жүргізіліп, 778 адамға судағы қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, жадынама парақшалары таратылған. Бүгінгі дейін тыйым салынған жерлерде шомылу ережелерін бұзғаны үшін 7 адамға ескерту жасалды. Брифинг барысында тілшілердің қауіпсіздік сақтау туралы өзге де  сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ ол аудан тұрғындарынан балаларды су айдыны жағасында қараусыз қалдырмауды, сонымен бірге су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауларын ескертеді.

Тағы да оқыңыз: