Kyzylorda-news.kz Жалпы шыбық шаншыса мәуелі ағаш болатын Сыр аймағы дән сепкенге аса қолайлы өңір екені баршаға мәлім. Иә, Қармақшы ауданының экономикасының негізгі бағыттарының бірі – аграрлық сала. Ал күріш – ауданның табиғи ерекшелігіне, ауа райы мен топырақ құрамына бейімделген негізгі дақылымыз. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін алдағы 5 жылда 2 есеге арттыру жөнінде тапсырма берген-ді. Осы орайда облысымызда 187 мың гектар жерге дақылдар егілетін болса, оның ішінде күріш көлемі 83,9 мың гектарға егу жоспарланып отыр. 

Дегенмен соңғы жылдары елімізде қалыптасқан су тапшылығына байланысты, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы күріш алқаптарын азайтып, ауылшаруашылық саласын әртараптандыру және егісге су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында су үнемдеу технологиясын қолдануды тапсырған болатын.

Осыған сәйкес, биыл Қармақшы ауданына қарасты Ақжар ауылдық округінде заманауи технологияларды пайдаланып тамшылатып суару тәсілімен бақша және жаңбырлатып суару тәсілімен жоңышқа дақылдарын өсіру қолға алынды.

Айта кету керек, былтыр Жаңажол ауылдық округінде тамшылатып суару тәсілімен алма бағы жобасы іске қосылған болатын.

Коллаж: Әсел Балтақызы

Тағы да оқыңыз: