Kyzylorda-news.kz Сенбіде Қармақшы ауданының орталығында және барлық елді мекендерде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру айлығы аясында сенбілік өтті.

Сенбілік – ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін игі дәстүр. Өзі тұратын аумаққа жаны ашып, оның тазалығына көңіл бөлу әрбір азаматтың парызы. 

Осы ретте, санитарлық-тазалық жұмыстарына бір кісідей қатысқан барлық мекеме қызметкерлері өздеріне бөлінген аймақтардағы көшелер мен жол жиектерін, арықтар мен әлеуметтік нысандардың айналасын күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Табиғат тазалығы – халық саулығы екенін ескерсек, қоршаған ортамызды таза ұстау баршамыздың  азаматтық борышымыз. Сенбілікке кент және ауылдық округтерде тазалыққа үлес қосып, бір кісідей жұмыла қызмет жасады.

Сенбілік аясында жол жиектеріндегі шөптерді шабу, аяқ су арықтарын тазарту, көшелерді қоқыс қалдықтарынан тазалау және әктеу, сырлау жұмыстары атқарылды. Санитарлық тазалық жұмыстары әр сенбі сайын тұрақты жүргізілетін болады.

Осы ретте, аудан тұрғындарын айналамызды, өз аумағымызды таза ұстап, туған жерімізді көркейту-көгалдандыру жұмыстарына бей-жай қарамай, қоршаған орта тазалығына немқұрайлық танытпса екен дейміз. 
 

Тағы да оқыңыз: