Kyzylorda-news.kz. Зиянды әдеттерден сақтанудың жолдары, нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір қағидаттары жайлы түсіндірме жүргізумен қатар, денсаулықты нығайтуда спорттың пайдасы зор. Осы мақсатта Қармақшы ауданының Жастар денсаулық сақтау орталығы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мамандары аудандық полиция бөлімімен бірлесіп жақында Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейде «Жігерлі отбасы» тақырыбында отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырды. 

Оған 6 отбасы қатысып, уақыттарын пайдалы іске арнады. Балаларына үлгі бола отырып, ата-аналар ұжымдық,топтық байланыста жұмыс істеп, физикалық  белсенділіктерін арттырды. Жарыс соңында олар арнайы марапаттарға сыйлықтарға ие болды. Шара барысында тақырыпқа сай түсіндірме жүргізіліп, насихаттық үнпарақтар, ұрансөздер ілініп, таратылды. 

Сондай-ақ аудандық емхана мамандары Әмина Кетебаева, Дариха Құлмырзаева, дәрігер Айткүл Балмахановалар кент орталығында халық көп шоғырланатын жерлерде, ірі сауда үйлерінде, теміржол вокзалы мен  такси тұрақтарында, дәріханаларда «Есірткісіз аймақ», «15 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні», «Темекіден бас тартыңыз!» және «Зиянды әдеттер» тақырыптарында ақпараттық құралдарын таратты. Халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, әркім өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек екенін айтты. Денсаулыққа деген бейжайлық жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулардың тез таралуына, өмірін өкінішті сәттерге әкеп соқтыратыны жайлы жан-жақты ақпараттандырды.

Тағы да оқыңыз: